7.03.2017, 11:01
Қараулар: 20
Жолдау жауапкершілікті жүктейді

Жолдау жауапкершілікті жүктейді

09.07.03.17

Еліміздің тәуелсіздігі қоғамымыздың рухани өмірінің қайта жаңғырып, қалыптасуына мүмкіндік берді. Қазақ қоғамының рухани тұрғыдан дамуына тигізер дәстүрлі дініміздің маңызы зор. Қазақстан мұсылмандары ұстанған Ханафи мазхабы жаппай жаһандану үдерісінде ұлттық құндылықтарымызды , бабаларымыздан мирас болып қалған рухани — мәдени мұрамызды сақтап, əлемдік мәдениет пен өркениеттің дамуына жаңа серпін беруге түрткі бола алады . Осыған байланысты Ұлт көшбасшымыздың 31 қаңтардағы Қазақстан халқына “Қазақстанның үшінші жаңғыруы : Жаһандық бəсекеге қабілеттілік “ атты Жолдауында ХХІ ғасырдағы Қазақстанның дін мәселесінің өткірлігіне де тоқталып отыр : “Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, əсіресе интернет пен əлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек; қоғамда діни саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген əрекетке “мүлде төзбеушілік “ қалыптастыру керек; Теологиялық тұрғыдан сауаттандыру қызметін ұйымдастыру тиіс” — деп, адамзат алдына тұрған тыныштық пен тұрақтылық жағдайына да баса назар аударған. Осы тұрғыдан мемлекет пен дін арасына шекара шебін құрғысы келетін, мейірімділік пен адамзат құндылығына бағыттайтын асыл дінімізді бетперде етіп ұстанатын радикалдық топтарға қарсы діни сала бойынша күрес жүргізуге тиіспіз. Қасиетті асыл дініміз исламда басшыға құрмет көрсетіп, бағыну мәселесі маңызды рөл атқарады. Əлемдік бейбітшілік пен рухани тыныштыққа негізделіп, күллі адамзатқа бірлік пен татулықтың əрі ізгі достық ниеттің кілтін ұсынған ұлағатты дініміз мемлекет істеріне де қатысты мәселелерді Қасиеті Құран Кәрім мен нақыл хадистерде тамаша көрсеткен. Ниса сүресінің 59-ыншы аятында : “Ей, мүміндер! Сендер Аллаға бойұсыныңдар, пайғамбарға бойұсыныңдар əрі өздеріңнен болған əмір иелеріне де..” жəне Алла елшісінің ( с.ғ.с.) хадисінде: “ Кім маған бойұсынса, ол Аллаға бойұсыныпты, кім маған бойұсынбаса, ол Аллаға бойұсынбағаны”, — дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с. ) былай деген: “Алла сендерге үш нәрсемен разы болады : Аллаға ғибадат етіп, оған ешкімді серік қоспауларыңа: барлығының Алланың жібінен мықтап ұстап, бөлінбеулеріңе жəне сендердің үстеріңе Алла билік берген басшыларға адалдық танытқандарың.” (Муслим) Бұл өміршең насихаттар қоғамдағы əрбір мұсылманның басшылыққа ала отырып, өміріне ту қылып ұстанатын қағидасы болып табылады.

 Ержан ЖҰМАҒОЖИЕВ

Дінтанушы, “Сырым” деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы “қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар