7.03.2017, 11:06
Қараулар: 36
«Жаңару арқылы жасампаздыққа»

«Жаңару арқылы жасампаздыққа»

05.06.03.17Алғабас ауылдық модельді кітапханасының оқу залында ауылдық округтегі түрлі маман иелері мен ауыл жастарының қатысуымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауын талқылау барысында дөңгелек үстел ұйымдастырылып,   алдымен Елбасының биылғы жылғы,26 қаңтар күнгі «ҚР Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі» туралы кітапханашы Жанна Самиғоллақызы түсінік берсе, Жолдаудың басты бес бағыттарын Ұлболсын Қалқаманқызы баяндап, Елбасының халыққа арнаған биылғы Жолдауы мазмұны бойынша мемлекетіміздің экономикалық өсуінің жаңа моделін құруды көздеген маңызды және өзекті бағдарламалық құжат екендігін атап өтті.Елбасы Жодауы аясында дамудың бес негізгі басымдықтары ретінде ұлттық экономикамыздың технологиялық жаңғыртылуы, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жоғарылату, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен сыбайлас жемқорлықпен күресу белгілендігінен хабардар етіп қана қоймай, ауылдық жерде жастардың бірігіп шағын кәсіпкерлікпен айналысу, оның көзін табу туралы да ауыл жастары өз ұсыныстарын айта алды.   Жолдауға қатысушы ЖББ М.Қаналыұлы атындағы мектеп-балабақша кешенінің ұстазы Қамажай Серікқызы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бұл Жолдауда білім саласына да айрықша көңіл бөлу негізінде күні ертең мектеп бітіргелі отырған түлектер үшін кәсіптік білім берудің тегін болатынына риза бола отырып, Жолдауды қуаттайтынын айтты. Сонымен бірге бұл Жолдауда әлеуметтік мәселелердің Жолдаудан ерекше орын алғандығын, әсіресе биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап бала дүниеге келгенде берілетін бір реттік жәрдемақы көлемінің 20%-ға көбейгендігі, басқалай да зейнетақы мөлшерінің өсуі халықтың көңілінен шығатынын, Жолдауға әрдайым қолдау көрсететіндіктерін ашып айтты.

 Рафхат Ахтанов,

Алғабас ауылының   «Алға»ЖҚБ мүшесі

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар