7.03.2017, 11:09
Қараулар: 15
Елбасы Жолдауы — елдің қолдауы

Елбасы Жолдауы — елдің қолдауы

02.06.03.17Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауды насихаттауда дөңгелек үстел өткізілді. Ауылдағы мекеме қызметкерлері ,ауыл жастары қатысты. Кітапханашы Лиза Оразғалиева Елбасы Жолдауының 5-басылымдықты атап, таныстырып өтті. Әкімшіліктің бас маманы М.Ерниязова, Мәдениет үйінің директоры Т.Хасанова, байланыс меңгерушісі Р.Рамазанова, әлеуметтік қызметкер Л.Елеусизова, Г.Мурзашева, медбике С.Дәуленова әлеуметтік төлемақылар жүйесінің артуына, денсаулық сақтау саласындағы өзгерістерге, діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе, интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу қажеттілігіне тоқталса,   жас мамандар Г.Утарбаева, Г.Кешимова, Ф.Айтжан, А.Абугалиева т.б. кәсіптік-техникалық тегін білім беру бағдарламасын, жаппай жұмыспен қамту,цифрлық қызмет көрсетуге   қатысты пікірлерін айтып, Жолдауды қолдайтындықтарын жеткізді. Кітапхана меңгерушісі көрмемен таныстырды. Бұл Жаңғыру «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ.

А. Абугалиева.

мәдениет үйінің әдіскері.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар