7.03.2017, 11:15
Қараулар: 38
Тәуелсіз елдің – Ұланымын

Тәуелсіз елдің – Ұланымын

Менің елім – Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі деп білемін.

Елбасы: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың, ұлттың, мемлекеттің нығайып-көркеюі жолында жан-тәніңді салып, аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де, иесі екеніңді ұмытпа!»- дейді. Расында да, болашақта өз еліміздің қожасы да, иесі де тәуелсіз елдің жас ұрпағы – өзімізбіз.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы да өте тарихи құжат болмақ. Жолдауда үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі, қазақ тілінің басымдығы, кәсіптік-техникалық білім берудің тегін жүйесіне баса көңіл бөлінуі қуантады.

Мен – елімнің үміт артар ертеңімін, дамуына үлес қосар болашағымын. Заңғар жазушы Ә.Нұршайықовтың: «Тәуелсіздік тойын тойла, тойлай жүріп оны өркендетуді де ойла. Оған өзіңнің қосар үлесіңді пайымда! – деген ұлағатты сөзін көкірегі ояу әр жас жүрегінде сақтаса, нұр үстіне нұр жауар еді!

С.Сағидуллиева,

ЖББ Абай орта мектеп — балабақша кешенінің

9 – сынып оқушысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар