7.03.2017, 11:28
Қараулар: 36
Орталық ажарлана түседі

Орталық ажарлана түседі

06.06.03.17Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Абат Шыныбековтың қатысуымен Жымпиты ауылдық округінің 2020 жылға дейінгі даму жоспары туралы қоғамдастық жиыны өтті. Жиынды Жымпиты ауылдық қоғамдық кеңес төрағасы, қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Мақсот Бижанов ашып, жүргізді.

Ауылдық округ әкімі Қайрат Төлепов аудан орталығында атқарылған ауқымды жұмыстарды баяндап, алға қойылған міндеттерді атап өтті.

Қарасу мөлтекауданынан спорт алаңы, балалар алаңы ашылып, «Нефтэк» жанар май бекеті іске қосылатын болады. С.Датов көшесінен Исаев көшесіне дейін жаяу жүргінші жолы салынады. Ал, Асадуллин көшесіне жол және жаяу жүргінші жолы қатар салынатын болады.

Жиынға қатысқан ауылдық округ тұрғындары аудан орталығының қарқындап дамып келе жатқанын, әрбір үйге газ, су, кәріз жүйесі орнатылғанын, соған орай кәріз суларын соратын ассенизатор көлігі қажеттігін айтты. Ассенизатор көлігі бұрыннан ауданда бар, тек саны бір-екіге көбейтіледі. Тұрмыстық қатты қалдықтарды, кәріз суларын төгетін полигонға тұрғындар ақша төлейтін болады, ол үшін арнайы тариф бекітіледі. Жиында ескі көпірді жөндеу, аудан орталығының жолдарын жөндеу, қордаланған қоқысты шығару мәселелері көтерілді.

Аудан әкімі Абат Шыныбеков тұрғындарды мазалаған сауалдарға жауап берді. Жолдарды күтіп ұстау үшін қаржы бөлінді. Аудан орталығында Қолғанатов, Асадуллин көшелеріне жаңадан жол салынып, көше жарықтары орнатылып, жаяу жүргінші жолы салынады. Ауыл ақсақалдарының көтеріп жүрген зиратқа жол төсеу мәселесіне қатысты аудан басшысы қаржы көздері табылса, Сейфуллин көшесінің бойымен орталық үлкен зиратқа жол төсеу жүзеге асады. Қордаланған иесіз күл-қоқысты шығару да қарастырылады. Биыл ауданда 14 тұрғын үй бой көтереді. Сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікпен екі қабатты үйлер салу да жоспарланып отыр. Қарасу мөлтекауданынан әзірге бастауыш мектеп сала тұрып, екі-үш жылдан соң, орта мектеп құрылысы басталады, деді Абат Абайұлы.

Орталық зиратты басқа орынға ауыстыру, судың жолын тазалау жұмыстары да жүзеге асатын болды.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар