7.03.2017, 11:31
Қараулар: 30
Акцияға жастардың қолдауы

Акцияға жастардың қолдауы

08.06.03.17Облыс көлемінде жарияланған Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтың «Мейірімді көктем» мейірбандылық айларын өткізу жөніндегі акциясына Сырым ауданының ерікті жастары іс жүзінде қолдау білдіруде.

Кешегі аптада ауданның өнер саласындағы белсенді жастары Орал қаласындағы жалпы үлгідегі Орал медициналық – әлеуметтік мекемесінің тұрғындары үшін «Мейірімді көктем» атты мәдени шара ұйымдастырды. Мерекелік шарада Армат Алдамжаров, Ақылбек Кәкімов, Алмаз Жұмагелді, Айдарбек Көлбаев, Сәлімжан Әубәкіров, Бекей Қанатов, Гүлдерайым Опағалиева, Гауһар Құсайынова,   Нұрбек Төлепов, Нұртілеу Болат сияқты республикалық ән байқауларының лауреаттары өнер көрсетті.

Бұлардан басқа, есімдерін атаудан бас тартқан ауданның жомарт жастары өз қаржыларына ұлттық дәмдерден дастархан жайып, қарттардың игілігі үшін мекемеге кілем тарту етті. Жастар өздерінің демеушілігімен ауданның басында да бірқатар қайырымдылық шараларын әлі ұйымдастырмақ.

Өз тілшімізден

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар