7.03.2017, 11:38
Қараулар: 25
«Сырым аруы» анықталды

«Сырым аруы» анықталды

04.06.03.17Сырым аудандық мәдениет үйінде «Демалыс орталығының» ұйымдастыруымен дәстүрлі «Сырым аруы» байқауы өткізілді. Байқауда 9 бойжеткен бақ сынасты. Ең сұлу атануға үміткер арулар кезең-кезеңде білім мен өнер, сұлулық пен нәзіктік сынды қасиеттерін таныта білді. Байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат игілікті салт-дәстүрлерімізді жаңарту мен кеңінен насихаттау, ежелден қазақ қыздарына тән әдептілік, инабаттылық, ізеттілік секілді асыл қасиеттерді биікке көтеріп, жастардың рухани талғамын өсіре түсу дейді ұйымдастырушылар.

Әдемілік те — өнер. Сұлулық пен әдемілік, нәзіктік кез-келген қазақ қызының бойына тән. Бүгінде дәстүрлі «Сырым аруы- 2017» байқауында 9 аруға туған-туыстары мен достары, қала берді аудан тұрғындары да жанкүйер болып, қолдау көрсетті. Сондай-ақ қыздар өнерлілер кезеңінде бірі ән салса, енді бірі би биледі, енді бірі монолог оқыды. Кейінгі турда кешкі көйлектер көрсетілімі болды. Үздігін таңдау оңайға түспеді. Мұны әділқазылардың ұзақ уақытта қабылдаған шешімінен айқын аңғардық. Нәтижесінде бас жүлдені Бұлан ауылдық округінің аруы Инабат Хамидолла иемденді. Ал өлеңтілік Асылжан Үсенова мен қособалық Назерке Жақсылық үздік үштіктен табылды. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Үміт Жәңгірова

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар