7.03.2017, 11:41
Қараулар: 66
Армысың, ару – нұр көктем

Армысың, ару – нұр көктем

«Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігінде «Армысың, ару-нұр көктем!» атты мерекелік шара өтті. Шараны қоғамдық бірлестіктің төрайымы А.Жалғасбайқызы ашты. Ардагер ұстаз Г.Ерғалиева, аудандық педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінің меңгерушісі А.Ниязғалиева 8-наурыз мерекесімен құттықтады.

Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің 3 «а» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Л.Лұқпанова «Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды» атты тәрбие сағатын өткізді. Шараны балалар жүргізіп, ана туралы әдемі сөздер айтты. Оқушылар ана туралы өлеңдер оқып, қазақ эстрадасында танымал әндерге пародия жасады, флешмоб биледі.

Шара соңында балалардың қолымен жасалған сыйлықтар тарту етілді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА,

Сырым ауданы

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар