16.03.2017, 10:34
Қараулар: 596
Ұрлыққа тосқауылдың алғашқы қадамы — үй жануарларын бағымда ұстау

Ұрлыққа тосқауылдың алғашқы қадамы — үй жануарларын бағымда ұстау

Қазіргі таңда облыс көлемінде ауыл шаруашылығы жануарларының ұрлықтарын азайтуды мақсат қойып отырған құзыретті мемлекеттік органдармен «Мал ұрлығына қарсы іс-қимыл жөніндегі Жол картасы» іске асырылуда.

 

Алайда, үстіміздегі жылдың 2 айында өткен 2016 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда аудан көлемінде мал ұрлығы қылмыстарының 6-дан 9-ға дейін артып, 50% өсім көрсетіп отыр.

Талдау көрсеткендей, биылғы орын алған 9 мал ұрлығы қылмысының жартысынан астамы, яғни 5-уі (Бұлдырты — 3, Елтай — 1, Шолақаңқаты – 1) жайылымнан ұрланған.

Бұл ретте үй жануарларының, әсіресе жылқы мен ірі қараның, олардың иелерімен жайылымда бағымсыз, тиісінше қараусыз қалуы ұры-қарыға оңай олжа болуына бірден-бір септігін тигізіп отыр.

Сонымен қатар, ұрланған мал туралы иелерімен дер кезінде ішкі істер органына хабарланбай, малдың жоғалуы оқиғасы белгілі болған кезден бастап өздерінің күштерімен іздестіру арқылы жедел–іздестіру шараларының мерзімдерін өткізіп алу да осы санаттағы қылмыстарды өз кезегінде уақытында ашуға кедергісін тигізіп отыр.

Мәселен, Бұлдырты ауылдық округі бойынша 2015 жылдың қараша айында орын алған 1 бас ірі қараның жайылымнан ұрлануы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 2017 жылдың ақпан айында тіркеліп, тергеу басталған.

Осындай уақытында тиісті құқық қорғау органына уақытында мал ұрлануының фактісі туралы хабарламалардың Шолақаңқаты ауылдық округінде 2016 жылдың желтоқсан айында (СДТТБТ-не 09.02.2017ж. тіркелген) жайылымнан 2 бас жылқының және Бұлдырты ауылдық округінде 2016 жылдың қараша айында (СДТТБТ-не 09.02.2017ж. тіркелген)   жайылымнан 17 бас ірі қара малдарының ұрлануы жөнінде иелерімен дер кезінде хабарланбаған.

Ата-бабамыздан қалған асыл сөз – «Мал баққанға бітеді» деп орынды айтылған.

Сол себепті, ауданымызда мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу, болдырмау мақстатында ең алдымен мал иелері тарапынан өз меншігіндегі үй жануарларының үнемі бағымда ұстауын қамтамасыз ету қажет етіледі.

Сырым аудандық прокуратурасы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар