1.04.2017, 10:02
Қараулар: 413
Су тасқынынан сақтанайық!

Су тасқынынан сақтанайық!

07.01.04.17Су тасқыны — бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендер мен көлдердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.

Бүгінгі күнге көшелердегі қарды аршуға техникалар жұмылдырылып, еріген қардың суы жиналатын орындары тазартылуда. Ауыл тұрғындарына ескертер бір жайт, ауыл әкімінің көмегіне қарап отырмай, үй иелері өз аулалары үшін қамданыстар жасауға тиіс. Өйткені ауыл әкімшілігінің барлығына бірдей көмектесуге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан азаматтары, ер балалары, тума туыс, ағайындары бар үйлердің көппен бітетін іс болғандықтан, демалыс күндері, бос уақытында қарларын аршып, су ағатын жолдарына жыралар жасауға толық мүмкіндіктері бар. «Ұйымдастырған ұтады» деген қағида бойынша, әркім өз тірлігін өзі жасағаны дұрыс. Еріген қардың суы аула, қораларға кіргені төтенше жағдайларға жатпайтынын қаперлеймін. Ауыл әкімшілігі тек азаматтары жоқ немесе қариялардың үйлерінің ғана қарын тазартуға көмек бере алады. Ауыл тұрғындарын осы мәселелерді шешуге абдырап, байбалам салғаннан гөрі өздері ауызбіршілікпен, түсіністікпен дұрыс қарауға шақырамын.       Су тасқыны мезгілінде штаб тәулік бойы жымыс атқарады. Орын алған оқиғалар бойынша, мына телефон нөмірлеріне қоңырау шалуды сұраймын: 31-3-59, 31-268, 101 – тәулік бойы; 31-260, 31-2-81 – жұмыс уақытында;

Су тасқыны кезінде әрекет ету ережесі:

Су тасқыны қаупі және көшіру туралы дабылды алғаннан кейін күттірместен, белгіленген тәртіп бойынша өзімен бірге қажетті заттар мен бұзылмайтын азық-түліктің екі күндік қорын алып апаттық су басуы ықтимал қауіпті аумақтан белгіленген қауіпсіз аумаққа немесе дөңестеу жерлерге барыңыз (шығыңыз). Көшіру пунктіне жеткеннен кейін тіркеліңіз.

Үйден кетер алдында электр қуаты мен газды сөндіріңіз, отын жағу пештеріндегі отты өшіріңіз, ғимараттың сыртындағы барлық қалқитын заттарды бекітіп қойыңыз немесе қосымша жайларға орналастырыңыз. Егер де уақытыңыз болса үйдегі құнды заттарды шатырға немесе жоғарғы қабаттарға орналастырыңыз.

Ж.ДҮйсенғалиев,

Сырым ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар бойынша бас маманы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар