13.04.2017, 10:57
Қараулар: 50
Кемел елдің кемеңгер қаламгері

Кемел елдің кемеңгер қаламгері

???????????????????????????????Аудандық кітапханада «Кемел елдің кемеңгер қаламгері» тақырыбында жазушы «Тар кезең» романының авторы Қажығали Мұханбетқалиұлы жайында оқырмандар конференциясы өтті. Конференцияға оқырмандармен қатар, «Нұр Отан» партиясының Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев, ардагер-ұстаз Ахмет Батыршин, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Айнұр Уәлиахметова, «Сырым колледжінің» студенттері қатысты. Шараны кітапханашы Раушан Мұханбетқалиева жүргізді.

Айнұр Жасұланқызы шараның ашылуында алғы сөз алып, бұл конференция Қажығали Мұханбетқалиұлымен болған онлайн конференцияның жалғасы екенін айтты.

Қажығали Мұханбетқалиұлы – Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, сырымтанушы, аудармашы. Ол «Тар кезең» романына өмірінің жиырма жылын арнап, Сырым батырдың он төрт жылға созылған көтерілісін бір кітапқа сыйғызды.

Конференцияда Сырым Датұлы туралы бейнебаян көрсетіліп, «Сырымды танытқан саңлақ қаламгер» атты кітап көрмесімен библиограф Э.Әлденова таныстырды.

«Тар кезең» романы туралы «Нұр Отан» партиясының Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев, ардагер-ұстаз Ахмет Батыршиндер өз әсерлерімен бөлісті.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА,

Сырым ауданы