13.04.2017, 11:11
Қараулар: 200
Жастар түсті сайысқа

Жастар түсті сайысқа

«Нұр Отан» партиясының ғимаратының мәжіліс залында Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан жастары арасында пікір-сайыс қозғалысын дамытуға арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Аталмыш тренингті «БҚМУ Ақиқат пікір-талас» орталығының түлегі, Бұлан орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ләйлі Мақсотова жүргізді. Семинар барысында Л.Мақсотова дебат ойындарының шығу тарихы және ойынның өту барысы жөнінде ақпарат беріп өтіп, содан соң аудан жастары екі топқа бөлініп «Әлеуметтік желінің маңызы мен зияны» тақырыбында дебат ойынын ойнады.

Семинар соңында балық қатысушыларға сертификат табысталды. Болашақта түрлі тақырыпты қаузайтын пікір-сайыс додасын белсенді жастар арасында өткізу дәстүрге айналатын болады.

Үміт Жәңгірова

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар