27.04.2017, 10:51
Қараулар: 52
Елді-мекендердің тазалығын сақтайық!

Елді-мекендердің тазалығын сақтайық!

08.27.04.17Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының ынтасымен жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарымен бірлесе облыс аймағында «Өзіңнен баста – Начни с себя» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаттарының бірі қоғамда ұсақ құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» сана сезімін қалыптастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабының 1 бөлігіне сәйкес қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер ұсақ бұзақылық болып есептеледі және ол үшін он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы көзделген.

Алайда, аудан аумағында орналасқан ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және қоғамдық орында айыналасындағыларға сыйламаушылық фактілері жиі кездеседі.

Мысалға, Сырым аудандық сотының 01.02.2017 жылғы қаулысымен аз . «Г» 2017 жылдың қаңтар айының 20 күні сағат 12-00 шамасында Жымпиты ауылы С.Датов көшесінің бойында орналасқан аудандық орталық ауруханасының алдында адамдардың ортақ пайдалану орнын ластап, коммуналдық қалдықтарды аурухана алдына лақтырғаны үшін соңғысына 10 айлық көрсеткіш, яғни 22 690 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған.

Немесе, аудандық соттың 21.02.2017 жылғы қаулысымен аз. «К» 10 қаңтар 2017 жылы сағат 16-30 шамасында Жымпиты ауылы, Жамбыл көшесінің бойында, яғни қоғамдық орында арақ ішкен масаң күйінде кіші дәрет сындырып, айыналасындағыларға сыйламаушылық білдіргені үшін 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Бұған қоса, аудандық соттың 05.04.2017 жылғы қаулысымен аз. «Р» 13 наурыз 2017 жылы сағат 09-50 шамасында Жымпиты ауылы, Шоқанов көшесінің бойында, яғни қоғамдық орында арақ ішкен масаң күйінде айыналасындағыларға сыйламаушылық танытып, былапыт сөздермен айқайлап жүргені үшін 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Сондықтан, аудан тұрғындарын ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластағаны, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастағаны, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіргені үшін әкімшілік жауаптылық көзделгенін ескерте отырып, елді мекендердің аумақтарын таза ұстауға және жоғарыда орын алған оқиғалардың жолын кесу мақсатында аудан аумағындағы құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» көрсетуге шақырамыз.

Сырым ауданының прокуратурасы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар