27.04.2017, 10:55
Қараулар: 91
Бар жақсылық балаларға

Бар жақсылық балаларға

05.27.04.17Сырым аудандық қоғамдық келісім кеңесінің жоспарына сәйкес облыстық «Мейірімді көктем» акциясы, «Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында «Сырым жауһарлары» және «Сырым жастары» қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастыруымен отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері Сырым ауданына саяхат жасады.

Балалар Сырым ауданының көрікті жерлерімен танысты. Алдымен қойнауы шежіреге толы еліміздің дала кемеңгері Сырым Датұлы, ақиық ақын Қ.Мырзалиевтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Сырым Датұлы және Алаш музейлерін аралап, еліміздің тарихымен танысты. Балалар Алаш саябағындада болды. Келген қонақтарды ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп ұжымы қарсы алып, мектеп тарихымен, жетістіктерімен таныстырды.

Ж.Досмұхамедов атындағы балабақша кешенінің акт залында «Балалар мен жасөпірімдер шығармашылық» орталығының ұйымдастыруымен «Бақытты балалар – бақытты ел» тақырыбында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов құттықтау сөз сөйлеп, балаларға Қ.Мырзалиевтың өлеңдер жинағын сыйға тартты.

Меймандарға арналып «АРУАЙ» мейрамханасында ақ дастархан жайылып, «Демалыс орталығының» ұжымы шараны көркемдеді.

Үміт Жәңгірова,

Сырым ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар