27.04.2017, 10:57
Қараулар: 162
Депутаттар мектептерде болды

Депутаттар мектептерде болды

06.27.04.17

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы партиялық мониторинг және бақылау тобы құрамында аудандық мәслихат депутаттары Ш.Дүйсенғалиева, А.Ниязгалиева, Т.Даргужиев ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы және ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектептерде болып, инклюзивті білім беру және кабинеттердің жұмысымен танысты.

Партиялық бақылау барысында инклюзивті білім беру кабинеттерінің материалдық – техникалық базаларын нығайту бойынша ұсыныстар тиісті мекемелерге жіберілетін болды. Алдағы уақытта партия филиалының тарапынан аталмыш ұсыныстың орындалуы қадағаланады.