27.04.2017, 11:02
Қараулар: 62
Сыбайластыққа жол жоқ!

Сыбайластыққа жол жоқ!

Қособа ауылдық округ әкімі аппаратында Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» № 986 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» № 234 қаулысына сәйкес іс-шаралар жоспары бекітіліп тиісті жұмыстар жүргізілуде.

2017 жылдың 16 ақпан күні ауылдық округ әкімі Ж.Сатаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алу бағытында кеңес ұйымдастырылды. Онда Елбасының 100-нақты қадам — Ұлт жоспарының 13-қадамын жүзеге асыру мақсатында халқына жолдаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында тапсырма ретінде көрсетілген сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтап, оларды жою міндеті мен алғышарттары және заңбұзушылыққа жол берген жағдайда туындайтын мәселелер туралы ашық айтылып, кеңеске қатысушы мекеме басшылары мен мамандарына бейне роликтер көрсету арқылы толық түсіндірілді. Кеңесте қоғамда орын алып жатқан сыбайластық әрекеттер жайлы пікірлер ортаға салынып, болдырмау бағытында ұсыныс пікірлер айтылды.

Есепті мерзімде, статистикалық деректерге сәйкес заңды және жеке тұлғалардан мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық және олардың құқықтарын өрескел бұзу фактілері жөніндегі арыз-шағымдар келіп түскен жоқ.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау мақсатында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, анықтау мақсатында және уақытылы тиісті шара қолдану үшін ауыл әкімімен аптасына бір рет азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Қособа ауылдық округ әкімі аппаратында тоқсан сайын Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде .

Г.Сейтеков,

Қособа ауылдық округі әкімі

аппаратның

бас маманы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар