27.04.2017, 11:03
Қараулар: 95
«Парасыз болашаққа! Бірге!»

«Парасыз болашаққа! Бірге!»

03.27.04.17Кеше Сырым ауданында «Парасыз болашаққа! Бірге!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар форумы өтті. Жымпитының орталық алаңында өткен форумда мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, колледж студенттері мен мектеп оқушылары елді сыбайлас жемқорлыққа қарсы «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қолдауға шақырды.

—        Жемқорлық – дерт. Ол — қоғамның, елдің, ел еркіндігінің дерті. Жемқорлық дендеп енген қоғамның әуелі руханияты, кейін әлеуеті әлсірейді. Сыбайлас жемқорлықтың әрбір көрінісіне кез – келген уақытта тосқауыл болуға тиістіміз, – деді Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков форумда сөйлеген сөзінде.

Осы сияқты Сырым ауданының прокурорының міндетін уақытша атқарушы Қанабіл Төремұратов, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Ғилаж Қаналиев, «Сырым жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мәди Қайыров сөз сөйледі. Олар өз сөздерінде парасыз мемлекетті қалыптастыруда адамдардың үлесіне жүктелер жауапкершілік жоғары екендіктерін атап өтті. Қ.Мырзалиев орта мектебінің оқушысы Әсем Лұқпанова «Парасыз болашаққа! Бірге!» ұранымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясы қатысушыларының мәлімдемесін оқыды.

Форум қатысушыларын Ж.Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін мектеп – балабақша кешенінің оқушылары сахналаған «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты көрінісі жақсы әсерлендірді. Көрініс заң органдарының, бюджеттік сала қызметкерлерінің адалдығы жайлы баяндайды.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар