27.04.2017, 11:05
Қараулар: 61
2600 ағаш егілді

2600 ағаш егілді

01.27.04.17Бүкілқазақстандық ағаш егу күні аясында мекеме қызметкерлері және ерікті ауыл тұрғындары Өлеңті өзенінің аңғарына 450 түп ағаш көшетін отырғызды.

 

Жымпиты ауылдық округінің әкімі Қайрат Төлеповтың айтуынша, бұл жер болашақта саябаққа айналуы мүмкін. Ол бірақ әкімге емес, жымпитылықтардың өзіне тікелей байланысты шаруа сияқты. Себебі ауыл табиғатының көрікті болғаны бәрімізге керек.

Осы күні ауданның барлық округінің орталықтарында сенбілік жұмыстары жүрді. Ағаш егу күнінің құрметіне орай ауылдардағы саябақтар мен көшелерге ағаш көшеттері егілді. Аудан бойынша отырғызылған көшеттердің түгел саны 2 600 түпті шамалайды. Олардың ішінде қара ағаш, үйеңкі және шетеннің талдары бар.

 

Б.ШЕРІМ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар