29.06.2017, 12:14
Қараулар: 251
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты ашық есік күндері өтті

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты ашық есік күндері өтті

04.29.06.17

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күніне орай ағымдағы жылдың маусым айының 19-23 күндері аралығында ауданымыздың дербес бөлімдері мен ауылдық округ әкімі аппараттарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді түсіндіру мақсатында ашық есік күндері өткізілді. Дербес бөлімдер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына барып аудан тұрғындарын қабылдады. Ауылдық округтердегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты бас мамандар өз округтеріндегі тұрғындарды қабылдап, интернет желісі бар ауылдық округтердегі мамандар келген тұрғындарға электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қалай алуға болатыны жөнінде түсінік берді.

Қ.ИШАНҒАЛИЕВ,

аудан әкімі аппаратының бас маманы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар