29.06.2017, 15:30
Қараулар: 374
Ұлттық код. Ұлттық мәдениет

Ұлттық код. Ұлттық мәдениет

01.29.06.172017 жылдың 12 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы біздің қоғамның түйіткілді мәселелерін айқын көрсеткен және оларды шешу жолдарын ұсынған стратегиялық бағдарламалық құжат деп атауға болады.

Жаңғырған қоғам тарихтың тереңінен бастау алатын рухани кодымен ерекше. «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деп қадап айтты мақаласында мемлекет басшысы.

Менің ойымша, Ұлттық код – ұлттың «сана болмысын» құрайтын факторлардың жиынтығы. Олар тіл, діл, салт-дәстүрлер, дүниетаным т.б. осылардың барлығы біріге келе ұлттың қайталанбас болмысын, формасын құрайды, ұлттың рухани кодын айқындайды.

Біз көпұлтты елміз. Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезінуі қажет. Соның ішінде қазақтар еліміздің 70% құрайды. Демек, мемлекет құраушы ұлт – қазақ.

Ұлттық кодты сақтау дегеніміздің өзі — ұлттық ұғым-түсініктермен өмір сүру. Жастарға жөн көрсетіп, ұрпақтар сабақтастығын үзбеуге аға ұрпақ, орта буын тарапынан табандылық керектігі туралы пікірді қуаттаймын. Кеңестік билік ұлттық салт-дәстүрімізді ұстануға, тілімізді, өзіндік бет-бейнемізді сақтауға қырын қарады, мұның зардаптарын да шектік. Алайда, түп-тамырымыздан түбегейлі айырылған жоқпыз.

Ең алдымен, алтын бесік — ауылдың арқасында ұлттық құндылықтарымызды, рухани тамырымызды сақтадық. Енді алдымызға ұлы мақсат қойып, рухани жаңғыру жолында ауқымды да іргелі істерді қолға алғалы отырған тұста да, сол ауыл, ауылды көтеру ұмыт қалмаса екен.

Біздің ұлттық өнеріміздің, мәдениетіміз бен дәстүрлеріміздің алдыңғы қатарлы үлгілерін, тіліміздің орасан зор байлығын жас жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіріп, сол арқылы әлемдік рухани өркениеттің өріне шығып, нәр алу – бүгінгі күн талаптарының маңыздысы. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы ұлттых рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту – баршамыздың парызымыз. Қазақ мұны атадан балаға мирас етіп қалдырып отырған.

Ұлттық кодтың негізі – отансүйгіштік. Қазақ ұлтының коды – қазақылығы. Біздің мақсат ата-баба мұрасын қастерлеп, мирасына сызат түсірмеу.

Ұлттық код – ұлттың қуаты. Ұлттық құндылықтар дегенде атадан балаға мирас болып келе жатқан, ана сүтімен бойға дарыған рухани құндылықтарды, имандылық пен инабаттылықты, қазақшылықты айтпақ һәмүйретпек керек.

Өскелең ұрпақ білім мен ұлттық тәрбие негіздерін өзінің ұлттық мектебіне налатыны сөзсіз. «Ұлттық мектеп дегеніміз – ұлттық рухта тәрбие беретін орын».

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соныал асың» демекші, ата дәстүріміздің қалыптаса беруіне отбасы тәрбиесінің ықпалыз ор. Әйтседе, күнделікті тірлікте ортақ тәрбие құралы – бұқаралық ақпарат құралдарын баса пайдаланып келеміз.

Ұлттық мәдениет – бұл адамзаттың біркелкі дамуындағы заңдылықты деңгейі. Әлемдік мәдениет – бұл, алдымен, ұлттық мәдениеттер жиынтығы. Ұлттық мәдениеттердің жалпы адамзаттық идеалдарға ие ең жоғарғы жетістіктері және оларды бүкіл әлем мойындаған соң, ұлтаралық мәдениет құрамына енеді. Ұлттық мәдениеттер мәселелері, мән-мағыналары және құндылықтары, олардың өзара байланыстары қазіргі уақытта жаһандану кеңістігінде болып жатқан процестермен тығыз байланысты. Яғни, қазіргі кездегі өркениетті, ақпаратты, постиндустриалды деген қоғам осы кеңістік ықпалында өзгеріп отырады.

М.Ақбасов,

Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы

орта мектеп директоры

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар