29.06.2017, 15:46
Қараулар: 258
Кәсіпкерлер кеңесі

Кәсіпкерлер кеңесі

08.29.06.17Аудан әкімі А.Шыныбековтың төрағалығымен Кәсіпкерлер кеңесі өтті. Кеңеске мүшелері мен кәсіпкерлер, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде «Шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмыс жасайтын қызметкерлерімен еңбек шартын жасасуы, міндетті жарналар мен салықтарды аударуына талдау жасауын ҚР салық Кодексіне 2017 жылы енгізілген өзгерістермен таныстыру» туралы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы Бақыт Разиева хабарлама жасады.

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына сәйкес аудандағы шағын және орта бизнес субъектілеріндегі жұмыс жасайтын қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру жөнінде аудандық аурухана директорының уақытша міндетін атқарушы Роза Тахамбетова түсіндірді. Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына орай халықтың ішіндегі 15 санатқа жататындар: балалар, көп балалы аналар, ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, мүгедектер, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар интернат ұйымдарында білім алып, тәрбиеленіп жатқандар. Күндізгі оқу нысанында білім алушылар, бала тууға жаңа туған баланы асырап алуға байланысты демалыстағы адамдар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, үш жасқа толғанға дейін баланы іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар, зейнеткерлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар, уақытша ұстау изоляторларындағы және тергеу изолятордағы адамдар үшін жарнаны үкімет төлейді. Қызметкерлерге жұмыс берушілер төлейді. Жеке кәсіпкерлер мен белсенді емес тұрғындар өздері үшін МӘМС-ға жарна төлейтін болады.

«Жеке кәсіпкерлердің ғимараттарын төтенше жағдайлар кезіндегі және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы, тиісті құжаттарды рәсімдеу бағытын түсіндіру» туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Ерген Тасқалиев хабарлады. Кәсіпкерлер ғимараттарын автоматты өрт сигналын беретін жүйемен және адамдарды өрт туралы құлақтандыру қондырғыларымен және олардың тәулік бойы жұмыс атқарып тұруын қамтамасыз етулері тиіс.

Кәсіпкерлердің ғимараттарын «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкестендіру және осы Заңмен белгіленген әкімшілік жауаптылық туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арман Баяндықов хабарлама жасады.

Өз тілшімізден

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар