5.07.2017, 10:18
Қараулар: 18
Ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні

Ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні

«Біз – жаңғыру жолында бабалардан мирас болып қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек»

Н.Ә.Назарбаев

Елбасымыздың 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Елімізді рухани жаңғыртудың бірегей бағдарламасын ұсынды. Бұл нақты берілген бағдар екеніне күмәніміз жоқ.

Елбасы атап көрсеткендей: рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.

Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. Рухани мәдениет – адамның өзіне және басқа адамдарға, дүниеге қатысын реттейтін дәстүрлер мен құндылықтардың жиынтығы.

2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық. Бұл турасында көптеген игілікті істер атқарылғаны мәлім. Халқымыздың тасада қалған мәдени құндылықтары жаңғырып, болашақ ұрпаққа нақтыланып, халыққа таныстырылды.

2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағ¬дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік. Бағдарламаның аясында қаншама ұлттық мәдениетіміз туралы жаңа тың деректер жинақталып, «Рухани құндылықтың бастамасы – елдің тарихи жады»деген сөздермен мәдени мұралар мен ғасырлар қойнауынан жеткен бабаларымыздың үні, музыкасы жаңғырды.

Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.

Елбасы «мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» — деп нақты бірнеше қырларын айқындап берді.

Оның екі қыры бар: Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.

Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.

Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін?

Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ретінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда.

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні –біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.

Руханият құндылығы әлсіреп кеткен осы бір тұста қазақты өркениетке бастау. Қазіргі жаһандану заманында ұлттық болмысымызды бағалап, ұлттық құндылығымызды көздің қарашығындай сақтай отырып адамзаттық үдеріске қосылу.

Әсіресе Елбасы айтқан «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген даналық сөзі қай-қайсымызды болса да рухтандырары сөзсіз.

Рухани жаңғыру аясында балаларымыздың бос уақытын тиімді пайдалану, музыкаға қабілеті бар, өнерлі өрендерді тәрбиелеп, рухани-ұлттық мәдениетті қатар ұштастырып тәрбие беру мақсатында аудандық балалар саз мектебі жұмыстануда. Мектебімізде «Домбыра күй», «Дәстүрлі ән», «Труба», «Скрипка», «Фортепиано», «Хор» сыныптары бар. Алдағы уақытта сонымен қатар балалар саз мектебі жанынан үрмелі аспаптар оркестрін ашу жоспарда тұр.

Өзім басшылық жасағаннан бері мектебіміздің падагогтарының жұмыстануының нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетіп келеді. Олардың ішінде атап айтсам, Асель Бисенгалиева, Айгүл Сапаралиева, Дархан Кажгалиев, Жанар Үмбетярова сынды оқытушыларымыздың шәкірттері халықаралық, республикалық, облыстық байқауларға қатысып мектебіміздің, ауданымыздың мәртебесін артыруда.

Қазіргі таңда Жалпы 9 педагог, олардың ішінде 2016-2017 оқу жылында 2 мұғалім І санатқа өтсе, 2017-2018 оқу жылында екі мұғалім І санатқа, бір мұғалім ІІ санатқа өтуге өтініштерін берді. Мектепте144 оқушы жоғарыда аталған үйірмелерге келіп қатысады. Алдағы уақытта қобыз, баян, күй, дәстүрлі ән сыныптары мамандары қажет. 2017 жылғы 4 мамырдағы Сырым ауданы әкімінің отырысының хаттамасы шешімінде, білім беру бөлімінің 25 мамырдағы бұйрығына сай 2017-2018 оқу жылында балалар саз мектебі жанынан ЖББ Ж. Досмұхамедов, Бұлдырты, Жосалы, Абай, Бұлан мектептерінен сыныптар ашылып, ауылдағы өнерлі өнердеріміздің өнерін нығайту мақсатында жұмыстанамыз. Әр мектептен 3 сынып ашылатын болады. Сонау 1972 жылдан Кеңес өкіметі тұсында ашылып, жұмыстанып келген саз мектебінен небір өнерлі өрендер түлеп ұшып, қазіргі таңда жаңарып, жаңғырып, жаңа заманға сай жасақталған саз мектебі әлі талай шәкірттеріміздің өнерін ұштай беретініне сенімім мол.

Мектебіміз биылғы оқу жылы бойынша жеткен жетістігіміз бен жағымды жаңалықтарымыздың барлығы жоғарыда аталған Елбасының мақаласында айтылған рухани, құнды дүниелермен ұштасып жатқандай!

С.СарҒозиев,

«Балалар саз мектебі» МКҚК директоры

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар