5.07.2017, 10:30
Қараулар: 241
Астана тарихы

Астана тарихы

04.05.07.17«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»

Н. Ә. Назарбаев

ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі (1994ж. 6 шілде, 106-қаулысы) және Мин. Каб-і (1996 ж. 6 шілде) ҚР-ның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулылар қабылдады. Оған себеп Ақмоланың республиканың кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы, қаланың елеулі өнеркәсіптік әлуеті, құрылыс индустриясын одан әрі дамытуға қажетті базаның болуы, ірі тасымал торабына орналасуы әрі қажетті көлік және телекоммуник, инфрақұрылымның болуы, жоғары білікті кадрлар әлеуеті, жеке меншік секторды және кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндіктердің молдығы, аймақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық, қаланы дамытуға қажетті бос жерлердің жеткіліктігі сияқты факторлар еді. ҚР Президентінің жарлығымен арнайы Ақмола экон. аймағы (ААЭА) құрылды (1996 ж. 9 қазан). 1997 ж. 20 қазанда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы” жарлыққа қол қойды. (1998 жылдың 6 мамырда Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы — Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Сол жылғы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Астана қалалық екі ауданға (Алматы, Сарыарқа) бөлінеді. Тұрғыны 500 мыңнан астам адамды құрайды. Қала Есіл өзенінің оң жағасында жазық жерде орналасқан. Астана — мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы; елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала. Қаланың Гербі дөңгелек қалқан түрінде жасалған. Көгілдір аспан аясында қала тарихының және ел қорғанының символы бекініс қабырғасы; сақ аңыздарының кейіпкері — даналық пен бекзаттықтың символы — қанатты барыс бейнеленген; алтын тәж Астананың бас қала ретіндегі мәртебесін бейнелейді. Шаңырақ — ұлттық дәстүрлердің сабақтастығын білдіреді.

2003 жылы Әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндер көшбасшыларының халықаралық сьезі болды.

2004 жылы ауқымы мен бұрын-соңды болмаған мерзімнің ішінде ірі әкімшілік мекемелерін сол жағалауға көшіруде орасан зор жобалар жүзеге асырылды. Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталық аумағында ҚР Президенті резиденциясы ғимаратының ресми ашылуы болды. Президент Н. Назарбаев «Ақ Орда» деп аталатының жариялады.

2005 жылы Астана қаласы халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалы салтанатты ашылды. Сол жағалауда ҚР Парламенті сенатының, ҚР Үкімет әкімшілік ғимараттарының, «Тұлпар» тұрғын үй кешенінің және мемлекеттік қызметкерлерге арналған үйлердің, цирк ғамаратының құрылысы аяқталды, дипломатиялық қалашықты салу жалғасуда. 2005 жылғы 1 маусымға дейін сол жағалауда отыз тоғыз нысан ҚР Призидентінің Резиденциясы, ҚР Парламенті Мәжілісінің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, «Астана-Бәйтерек» монументінің ғамараттары, «Аяулы алақан» композициясы, Жоғарғы Соттың, ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің акімшілік ғимараттары, Ислам мәдени орталығы, «Думан» офын-сауық орталығының 1-ші және 2-ші кезегі, Ұлттық кітапхана, 1200 орындық мектеп, «ҚазМұнайГаз» компаниясының екі нысаны, кардиология орталығы, муниципалдық үйлер кешені, бір ауысымда 120-150 адамды қабылдайтын емхана, сулы-жасыл бульвар, «Отель-Президент» мейманханасы, «Ғашықтар» саябағы пайдалануға берілді. Астананың көрнекті орындары «Астана -Бәйтерек» монументі Елорданың басты көрнекті орындарының бірі — сол жағалаудағы алғашқы сәулетті құрылыс — «Бәйтерек» монументі. Осынау бірегей нәзік кешен Астананың символдық бейнесіне айналды. Монумент негізіне шетсіз-шексіз мұхит шайып жатқан Көктөбе тауында өсетін, ертегідегі ағаш туралы аңыз алынды. Жыл сайын оның жапырақтарына қасиетті құс — Самұрық алтын жұмыртқа салады. Алайда, жыл сайын оны айдаһар жеп қояды, бұл Күн мен Түннің, Жаз бен Қыстың, Жақсылық пен Жамандықтың алмасуын бейнелейді. Евразиялық кеңістіктің нағыз кіндігінде, өркениеттер тоғысында өмір ағашы — Бәйтерек терең тамырларымен жерді ұстап тұр, ал оның бұтақтары аспанмен таласады. Ғасырлар бойы ауыздан ауызға тараған ежелгі аңыз қайтадан жаңғырды. Есіл өзенінің сол жақ жағасында жапырақ жайған «Астана-Бәйтерек» заңғар көкке құлаш ұрды. Биіктігі 105 метрлік, салмағы 1000 тоннадан асатын металл құрастырмалар 500 тіреу-қадаларға бекітілген. Әлемде тұңғыш рет диаметрі 22 метрлік, салмағы 300 тонналық күн сәулесімен құбылып тұратын әйнектен жасалған шар 97 метрлік биіктікке көтерілді- бұл Қазақстанның жаңа елордасының 1997 жылдан бастап пайда болғанын еске салады. “Бәйтеректің негізгі идеясы — ол Бейбітшілік Ағашы. Мұндай ағаштың басты қызметі әлемнің үш деңгейлі құрылымын біріктіру: төменгі жерасты, жер үсті және аспан әлемі. Бәйтерек сәулетінде монументтің жер астындағы бөлігі 4,5 метрлік тереңдікте, мұнда дәмхана, аквариумдар және белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың шағын галереясы орналасқан. «Бәйтерек» ағашының діңімен шолу лифтілері арқылы көтеріле отырып (орта деңгей), көктегі деңгей — шарға тап боласын. Шардың ішінде бар, жаңа елорданың келбетін алақанға салғандай көрсететін панарама залы орналасқан. 97 метрлік биіктікте күміс тұмар — Нұрсұлтан Назарбаевтың алақанының таңбасы салынған. Ол мемлекетті және оның азаматтарының бейбіт өмірін, достығы мен келісімін қастерлеп сақтауға үндейді.

Материал e-history.kz сайтынан алынды.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар