20.07.2017, 11:34
Қараулар: 136
Мал баққанға бітеді

Мал баққанға бітеді

01.20.07.17Әр елдің ұлттық өндірістері негізінде дүниежүзілік біртұтас тауарлы ауыл шаруашылығы қалыптасып келеді. Өндірілген жалпы өнім мөлшері жөнінен Қытай, АҚШ, Жапония, Аустралия сияқты елдер жетекші орын алады. Жан басына шаққанда ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етілу дәрежесі жөнінен Батыс Еуропаның дамыған елдері мен Канада, АҚШ, Жапония және Аустралия ерекше көзге түседі. Дамушы елдерде бұл керсеткіш өте төмен, тіпті жалпы өнімді аса көп өндіретін Қытай мен Үндістанда ол Канада және АҚШ-пен салыстырғанда 5—6 есе төмен.

Сол себепті ауыл шаруашылығының алдында әлі де оңтайлы шешімін таппаған мәселелер баршылық. Ең бастысы — халықты сапалы, құнарлы әрі арзан азық-түлікпен қамтамасыз ету; айналадағы ортаны ластанудан қорғау және табиғат байлықтарын пайдалануды, жетілдіру.

Қазіргі кезде мал шаруашылығын дамыту, мал басын асылдандыру, мал ұрлығының алдын алу өзекті мәселелердің бірі болып, Үкімет тарапынан қолдауға ие болып отыр.

Жосалы ауылдық округінде 01.07.2017 жылға 3383 бас ірі қара, 4971 бас ұсақ мал, 378 бас жылқы, 939 бас құс тіркелген. Осының ішінде 1585 бас ірі қара, 2081 бас ұсақ мал, 125 бас жылқы, 103 бас құс шаруа қожалықтарының еншісінде.

2013 жылы Қоңыр, Тамды елді-мекендері аумағында мал басынан сарып ауруының шамадан тыс көп анықталуына байланысты карантин аймағы жарияланып, ол 2014 жылы толықтай тазартылып, содан бергі уақытта малдың жұқпалы ауруларынан аймақ тазартылып, мал басында жыл өткен сайын өсу көрсеткіші байқалуда.

Бүгінгі таңда ауылдық округте 13 ауыл шаруашылық құрылымдары тіркелген. Шаруашылықтардың барлығы дерлік қазіргі кезде мал өсіру немесе мал азығын дайындау жұмыстарымен айналысуға бағытталған.

Былтырғы жылдан бері «Қадыр-Жан-Қанат» ЖШС асыл тұқымды мал өсіру, егін салу, мал азығын дайындау бағытында құрылып, жұмыс жүргізуде. «Тамды» АШӨК ауылының, «Даму Қоңыр» АШӨК Қоңыр ауылының ірі қара малдарына асыл тұқымды бұқа сатып алып, тұрғындардың мал басын асылдандыру бағытында жұмыстануда. Мал бағымына бақташыға мал басына бір айға 400 тг ақы төлейді. Жеке мал бағымы көктемнің жай шығуына байланысты мамыр айынан бастап бағылуда. Қоңыр ауылынан төрт бағытта, Тамды елді мекенінен бір бағытта, еркек малдарға бір бағытта бақташылар шығарылды. Мал иелеріне бақташының алдына малдарын айдап апарып қосу, кешкісін өрістен келген соң қарсылап алып, аулаларына қамау, малды көшеге тастамау, малды уақытымен бақташыға қосу, еңбегін ай сайын төлеп отыру, малы кешкісін келмесе бақташыдан талап ету. Бақташымен қанша бас мал қосқаны және малбасының бірдейлендіру нөмірін, малдың түр-түсін көрсете отырып, келісім шартқа отыру, түнгі мезгілде малды міндетті түрде ауласына қамау немесе байлап қою қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Биылғы жылы «Рамазан», «Талап», «Қаратай», «Азамат», «Дос» ШҚ-тары 9 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды. Қазіргі уақытта мерзімі келген, яғни шаруа қожалығында қолданыста екі жыл болған бұқаларды жеке табынға қосу жұмыстары ұйымдастырылуда. «Рамазан», «ГауМар», «Жанқожа», «Қаратай» ШҚ 6 бас асыл тұқымды бұқаны жеке табынға қосу үшін құжаттары жинақтап, тапсыруда. Жеке табынға қосқаны үшін, асыл тұқымды мал басын өсіргені үшін ШҚ-на үкіметтен субсидия қаражаты төленеді.

Болашақта жеке тұрғындардың малын бір АШӨК етіп біріктіру жоспарлануда.

   Ветеринариялық шаралар уақытында жүргізіліп тұрады. Биылғы жылы 5 бас ірі қара малынан бруцеллез ауру анықталып жойылды. Бірдейлендіру бойынша 178 бас ірі қара сырғаланып, базаға енгізілді, ал ұсақ малдан 1000 сырғаланып базаға енгізілді.

Қазіргі таңда ауыл тұрғындары мен шаруашылықтар мал қыстағына дайындық жұмыстарын бастады. «Қадыр-Жан-Қанат» ЖШС 50 га бидай, «Талап» ШҚ 100 га арпа, 200 га бидай екті.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында «Игілік» бағдарламасымен төрт азамат несие алуға құжаттар дайындауда. «Береке» бағдарламасымен үш азамат 3 млн 600 мың тг несие алып 21 бас ірі қара малын бордақылауға қойды. Олар Т.Кажиахметов, И.Акшолаков, Т.Мағазов. «Өрлеу» бағдарламасымен екі отбасы /Өтепқалиева М, Габдуллин Ж/ 612 мың тг қаражатқа бір бұзаулы сиыр, екі қашар, бір бас қой малын алып өсіруде.

Ата-бабамыз малдың қадір-қасиетін түсініп, оны күтіп-баптап, үрім-бұтағын, ұрпағын, сол малмен өсіріп, өндірген. «Мал баққанға бітеді» ,-деп бізге қанатты сөз қалдырған. Қазір еңбектенген адамға үкімет тарапынан қаржылай көп көмектер қарастырылған. Ендеше, баршамыз маңдай термен, адал еңбекпен малымызды өсіруге және оны қорғауға бірге ат салысып, іске кірісейік ағайын.

К.Ғабдешов,

Жосалы ауылдық округінің әкімі

Ауылшаруашылық

Басқа да мақалалар