27.07.2017, 17:28
Қараулар: 441
Ұрлыққа тосқауыл қажет!

Ұрлыққа тосқауыл қажет!

02.27.07.17Мал ұрлығы ауданымыздың ең өзекті мәселесіне айналып отыр. 2017 жылдың 6 айы ішінде Сырым ауданы бойынша жалпы тіркелген 46 ұрлықтың 29-ы ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлау фактілері болып отыр. Оның ішінде 21 мал ұрлығы еркін, бағымсыз жайылымнан орын алған.

Облыс көлемінде 2016 жылдың тамыз айынан бастап «Мал ұрлығына қарсы іс-қимыл жөніндегі Жол картасы» жүзеге асырылуда.

Жобаның басты мақсаты – мал ұрлығына тосқауыл қою, ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру, олардың бағымсыз жүруіне жол бермеу.

Өткен мерзімде прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімі, ауылдық округтерінің әкімшіліктерімен бірнеше біріккен жедел жиналыстар өткізіліп, ауыл халқымен, көше тұрғындарымен кездесулерде тұрғындарға ескерту парақшалары ұсынылуда, «Сырым елі» газетінде мақалалар жарияланып, әлеуметтік желілерде түсіндірме жұмыстары жалғасуда.

21 шілде 2017 жылы ауданымызда жоғарыда аталған Жол картасының шараларының орындалуына жауапты барлық құзыретті органдарының бас қосуымен жедел жиналыс оздырылды. Оған ауылдық округі әкімдері, учаскелік полиция инспекторлары, мал дәрігерлері, ауданымыздың ақсақалдар кеңесінің мүшелері, белсенді ауыл азаматтары қатыстырылды.

Жиылыста мал ұрлығымен күрестегі атқарылған және жүзеге асырылмай жатырған көкей-кесті мәселелер қаралып талқыланды, ұсыныстар енгізілді.

Халық даналағы айтқандай «Көппен көтерген жүк жеңіл» демекші, қазіргі таңда бұл дертпен барлық аудан халқы, оның ішінде әрбір мал иесі болып күресу қажет.

Ауыл шаруашылығы жануарларының бағымсыз, қараусыз жүруі, сонымен қатар, олардың бірдейленбеуі, халық арасындағы заң талаптарының түсіндірме жұмыстарының мардымсыз жүргізілуі, қарапайым мал иесінің өзінің жауапкершілігінің жоқтығы – ауданымыздағы мал ұрлығының тиылмауына басты себеп болып отыр.

Құрметті Сырым ауданы тұрғындары !

Ата-бабаларымыздың аталы сөзі бар – «Мал баққанға бітеді» деген. Сол себепті, ұры-қарыға ауыл шаруашылығы жануарларыңызды күтіп, бағымда ұстауларыңызды қамтамасыз ету талап етіледі.

Әрбір ауыл шаруашылығы жануарларының иесіне өзінің меншігіндегі жануарын бірдейлендіріп, бағымға қосып, оны келісім-шарт арқылы рәсімдеп, қараусыз қалдырмай, түнгі мезгілде ұстау орынында қамап, қорғау шараларын қамтамасыз етуі қолданыстағы заңнамалар реттелгендігін ескертіп түсіндіреміз.

Атап көрсеткенде, ветеринария саласындағы заңнама талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 406-бабымен көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады.

Ал, осы Кодекстің 505-бабының 1-бөлігімен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сонымен қатар, Кодекстің 633-бабының 1-бөлігімен көзделген автомобиль жолдарына бөлiнген жолақта қорғау мен пайдалану қағидаларын бұзу, яғни бөлiнген жолақ шегiнде белгiленгеннен тыс жерде мал жаю үшін жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу қарастырылғандығын қатерлеріңізге саламыз.

Қ.Төремұратов,

Сырым ауданы прокурорының

міндетін атқарушы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар