17.08.2017, 11:29
Қараулар: 113
Далалық өрттерден сақтанайық

Далалық өрттерден сақтанайық

Сырым ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Сырым аудандық әкім аппаратымен бірлесіп 2017 жылғы далалық өртті қауіпсіз өткізу мақсатында аудандық «Сырым елі» қоғамдық газетінде 4 мақала, Сырым ауданы әкімі аппаратының электрондық сайтында «Далалық өрттердің алдын-алу» тақырыбында 5 видео жазба жарияласа, барлық ауылдық округтерде жиындар мен дәрістер өткізілді.

Далалық өрттерді сөндіруге 12 ауылдық округте 12 ерікті өрт сөндіру жасақтары құрылған. Сонымен қатар аудан әкімінің бұйрығына сай аудан орталығында орналасқан мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері мен техникалары күн сайын кезекшілік кестесіне сай далалық өрттерді сөндіруге сақадай — сай дайын тұрады.

Сырым ауданы бойынша далалық құрғақ шөп жану оқиғасы биылғы жылы былтырғы жылмен салыстырғанда 2-3 есеге көбейіп отыр. Нақты атап өтер болсақ 2016 жылдың осы кезенінде 9 далалық құрғақ шөп жану оқиғасы 35 нүктеде 1530 гектар жерде орын алса 2017 жылдың бүгінгі күніне дейін 20 далалық құрғақ шөп жану оқиғасы 73 нүктеде 3018 гектар жерде орын алып отыр.

Далалық құрғақ шөп жану оқиғаларының пайда болуына негізгінен келесідей жайттар себеп болып жатады.

—         Мал азықтарын жинау кезінде шаруа қожалықтардың тракторларының мұржаларынан шоқ ұшқының лақтыруы;

—         Адамдардың темекі тұқылдарын сөндірмей лақтыруы;

—         Ауа-райының күрт көтерілуі салдарынан далада жатырған әйнек қалдықтарының қызуы да далалық жанулардың туындауына әкеліп соқтырып жататындығы тәжірибеде бар ұғым.

Е.ТАСҚАЛИЕВ,

Сырым ауданының ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау капитаны

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар