17.08.2017, 11:32
Қараулар: 234
Ауданның қасиетті құндылықтары

Ауданның қасиетті құндылықтары

03.17.08.17Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қазақ елінің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызы зор, елеулі оқиға болды.

Бұл мақала Тәуелсіз Қазақстанды, қазақ елін дамытуға бағытталған өзекті мақалалардың бірі. Елбасы мақаласында халықтың санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру бағытында «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөледі. Өйткені, Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі — неше ғасыр өтсе де кез-келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз, әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы,-дейді.

Сырым ауданында қасиетті рухани құндылықты орындар ретінде Сырым шыққан төбені атап өткен жөн. Сырым шыққан төбе — Орал-Ақтөбе күре жолының сол жағында 3-4 шақырым жерден көрінетін әжептәуір биіктік. Төбенің тұсында, жолдың бойында Сырым батырға арналған ротонда-белгі орнатылған. Ел аузындағы әңгімеге қарағанда Сырым батыр орыс отаршылдарымен соғыс кезінде осы төбені қарауыл ретінде пайдаланған екен. Бүгінде төбе басында да арнайы ескерткіш тақта орнатылған. Халық арасында киелі жер деп есептеледі.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақала халықты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, туған жерді көркейтуге, қоғам үшін игі іс жасауға, жаңашыл ойлап, өн бойымыздағы рухани құндылықтарды жаңғыртуға үндейді.

А.Искаков,

Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және

құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар