17.08.2017, 11:37
Қараулар: 154
241 үй ауыз суға қосылады

241 үй ауыз суға қосылады

02.17.08.17Жосалы ауылдық округі үшін ауыз су мәселесі алдағы уақытта түбегейлі шешіледі. Күні бүгін округтегі Қоңыр және Тамды ауылдары орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылуға дайындалып жатыр. Бұл жобаның құны 191 млн теңге деп есептелген.

Жауапты мердігер «ЖАЙЫҚ ГАЗСУ ҚҰРЫЛЫС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстарға сәуір айының соңында кіріскен. Серіктестіктің директоры Абылай Бақтығалиевтің айтуынша, жоспарланған жұмыс 85 пайызға орындалыпты. Істің бітер шамасы қыркүйек айының бірінші онкүндігіне шамаланып отыр. Бәрі сәтімен болса, ұзындығы 15 шақырымды құрайтын ауыз су құбыры арқылы Қоңыр және Тамды ауылдары бойынша 241 үй орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылады. Су жүйесінің ұңғымалардағы су қоры жақсы.

—        24 сағат су беруге мүмкіндік бар! – дейді мамандар.

Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев ауылдық округ әкімі Қобыланды Ғабдешов және «Сырым» МКҚК мекемесінің директоры Руслан Тасқалиевпен бірге Қоңыр және Тамды ауылдары орталықтандырылған ауыз сумен қамту жүйесінің №2 нүктесінде болып, жұмыстардың барысымен танысты.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар