17.08.2017, 11:38
Қараулар: 157
Ел қорғау – ердің ісі

Ел қорғау – ердің ісі

Халқымызда «Ер-елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Ел бостандығы жолында жанын қиған аталарымыздың ерлігін жалғастыру бүгінгі ұрпақ, яғни Сіздерге аманат. Себебі, сіздер батыр да, төзімді халықтың ұрпағысыздар. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғары Бас Қолбасшысы – мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында еліміз тыныш, іргеміз берік, берекелі ел болып отырмыз. Ел- еріне сенеді. Еліміздің болашағы өз қолдарында.

Отан қорғаушыларды әскери өмірге баулып, олардың ұстазы әрі ақылшысы болатын әскери мамандардың мойнында үлкен міндет бар.

Отан қорғау бұл ер азаматтардың бойына біткен қасиет. Енді міне ұрпағымыз есейіп, азамат атанды. Ердің абыройы еліне сіңірер еңбегімен өлшенетінін естен шығармаңыздар.

ҚР Қорғаныс Министрлігінің 11 наурыз 2013 жылығы №96 бұйрығына сәйкес, азаматтарды әскерге шақыруға дайындау мақсатында осындай 18-27 жас аралығындағы ер азаматтарды алдын ала зерделеу жұмыстары жүргізілуде. 2016-2017 жылдар аралығында Отан алдындағы борышын өтеп келген Жымпиты ауылының тұрғыны 1995 ж.т Утепов Кажмухан Имангалиевич Жамбыл облысы Гвардейский қалашығындағы 30212 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп келіп, әскери кәсіптік даярлықтың жоғары деңгейде болатынын, өз-өзіне сенімді, ұрыс техникалары мен әскери қару жарақтарды жетік меңгергені туралы пікірін айтты. Отан алдындағы борыншты өтеу-әр азаматтың парызы.Шымыр да сымбатты болуға әрі төзімділікке, тек қана әскер шынықтырады. Жастарымыз еліміздің тыныштығын, тұтастығын қорғауда өз үлестерін қосып абыроймен өз отбастарына оралуда. Осындай ер жүрек, Отан сүйгіш жастарымыз көбейе берсін. Жастарымызды Отан алдындағы борышын өтеуге шақырамыз.

Сонымен қатар, ҚР Қорғаныс Министрлігінің Орал қаласындағы әскери техникалық мектепке ақылы негізде бұрын әртүрлі себептермен әскер қатарында болмаған азаматтарды 24 жастан бастап 40 күндік оқуға қабылдайтынын хабарлаймыз.

Д.МАУЛЕТОВ,

Сырым ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар