17.08.2017, 11:40
Қараулар: 139
Қоғамдық тыңдаудағы маңызды мәселелер

Қоғамдық тыңдаудағы маңызды мәселелер

Жақында аудандық мәдениет үйінде аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Асхат Дүйсенғалиевтың төрағалық етуімен қоғамдық тыңдау жиыны өтті.

Аталмыш қоғамдық тыңдау жиынына аудандық мәслихаттың хатшысы Ш.Дүйсенғалиева, ауылдық округтердің әкімдері, ауылдық қоғамдық кеңестің төрағалары, аймақтық полиция инспекторлары, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.

Қоғамдық тыңдау жиынында күн тәртібіндегі мәселеге орай қаралған «2017 жылдың 1 жартыжылдығында жергілікті полиция қызметінің есебі туралы» аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Ерлан Журалиев,

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы» аудандық орталық аурухана басшысының міндетін атқарушы Роза Тахамбетова,

«Аудан бойынша ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы» аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Шайхислам Райсов хабарламалар жасады.

Күн тәртібінде талқыланған үш хабарламаларда атқарылған нақты жұмыстармен қатар жұқпалы аурулардың алдын алу, мал ұрлығына тоқсауыл қою сияқты маңызды мәселелер қозғалды.

Мінбеге көтеріліп хабарламаларға сәйкесті өзіндік ой-пікірлерін ортаға салғандардың негізгі түйінді сөздері де халықтың әлеуметтік хал-ахуалын назарда ұстау, дәрі-дәрмектермен уақытылы қамтамасыз ету, тәртіп мәселесі төңірегінде болды.

Қоғамдық тыңдау жиынын қорытындылаған аудандық мәслихаттың хатшысы Шынар Дүйсенғалиева тұрғындар тарапынан айтылған барлық ұсынбалар мен пікірлердің қатерге алынып, негізгі құзырлы орындарға жеткізілетіндігіне тоқталып қорытынды сөз сөйледі.

Өз тілшімізден.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар