17.08.2017, 11:42
Қараулар: 197
Тұрғындармен кездесті

Тұрғындармен кездесті

04.17.08.17Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевтің өкіміне сәйкес Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі болып Жанболат Мұхамбетжанов тағайындалды. Округ әкімінің жаңадан тағайындалуына байланысты тұрғындармен өткен кездесуге аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, Сырым аудандық мәслихатының хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының орынбасары Талғат Дарғожиев қатысты.

Талдыбұлақ ауылдық округі – бірен – саран бау — бақшасы мен азын – аулақ егіні бар, суға қарық, жері шұрайлы, басы бүтін, ауылшаруашылық деген салаға айрықша ыңғайлы округ. Аудан басшысы округтің жаңа әкімі Жанболат Мұхамбетжановқа қызметін табысты атқарады деп сенім білдірді. Осыған дейін Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі қызметінде болған Қарлығаш Исатаева өзі жұмыс атқарған мерзім ішінде округтегі қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын ілгерілетуге жақсы ықпал болып еді. Округті әлі талай жұмыс күтіп тұр.

Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев өзінің Талдыбұлақ ауылдық округіндегі жұмыс сапары кезінде Талдыбұлақ орта мектебінің жаңа оқу жылына деген дайындығымен танысты. Мектеп 2017 – 18 оқу жылын 105 оқушымен бастағалы отыр. Педагогтық құрам – толық. Мектеп әкімшілігі аудан әкіміне мектептің бу қазандығын ауыстыру мен шағын орталыққа кіретін есіктің алдына қосымша құрылыс салу мәселесін айтты. Мәселелер шешімін табатын болды.

Мектеп дегеннен шығады, осы округке қарасты Қазақстан ауылындағы Қазақстан негізгі мектебі биыл тағы да оқушы санының жетіспеушілігіне ұшырап отыр. Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев әріптестерімен бірге Қазақстан ауылының тұрғындарымен нақ осы мәселе бойынша кездесті.

Б.МҰСТАФИЕВ,

Талдыбұлақ ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар