17.08.2017, 11:48
Қараулар: 175
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ 3.0. – БІЛІМНІҢ ҮЛЕСІ»

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ 3.0. – БІЛІМНІҢ ҮЛЕСІ»

Сырым аудандық білім беру бөлімінің 2017 жылғы білім беру қызметкерлерінің аудандық тамыз кеңесіне арналған баяндамасы

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқына арналған Жолдауларында қоғамның дамуындағы білімнің алатын орнын ерекше атап көрсетіп, «Біз барлық елдер бойынша әлемдік стандарт деңгейінде білім берудің сапалы қызметін ұсынуға қол жеткізуіміз қажет» деп атап өтті.

Мемлекет басшысымен белгіленген басымдылықтарды орындауда ағымдағы жылда Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасының басты мақсаты: ҚР Президентінің «Мәңгілік ел» идеясының негізі болатын және оны жүзеге асыратын тұғырнама туғызу.

Білім беру саласын қаржыландыру

Аудандағы білім беру саласына 2016 жылы 2 млрд153 млн 636 мың теңге қаржы бөлінсе, 2017 жылға 1 млрд 934 млн 55 мың теңге қарастырылды.

2017-2018 оқу жылына 1-4 сыныптарға тегін тамақтандыруға 42 млн 371 мың теңге қаржы қарастырылып отыр.

Биылғы жылы ЖББ Сырым ОМБК-нің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарына облыстық бюджеттен 156 млн 240 мың теңге бөлініп, қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыты болып табылады. Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде мектепке дейінгі тәрбие әлеуметтік құрылымның маңызды міндеттерінің біріне айналды.

2016 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында баланың мектепке дейінгі кезеңінің маңыздылығы алдағы білім беру қызметіне сәтті дайындықтың негізі ретінде айқындалған.

Бүгінгі күні ауданда 34 мектепке дейінгі ұйым бар, олардың 2-і балабақша, 9-ы мектеп-балабақша, 23-і шағын-орталық.

Ауданымыздың 23 шағын орталығында — 435, балабақшада — 423, барлығы — 858 бала тәрбиеленуде. Шағын орталықтардың тиімділігі — мұнда балалардың білім алуы үшін ақы төленбейді. Мұндағы балалар да мемлекеттік стандарт бойынша жасына сай білім алады.

Бес-алты жастағылар мектепалды дайындықпен 100%-ға қамтылды. 22 жалпы білім беретін мектеп базасындағы 27 мектепалды сыныбын 359 бала аяқтады. Биылғы оқу жылына 370 бала мектепалды сыныбына барады деп жоспарлануда.

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің арасында түрлі сайыстар өтіп отырады. Соның ішінде дәстүрлі түрде ауданымызда жыл сайын өтіп отыратын Қадыр оқуларының орны ерекше. Жеңімпаздарға тоқталып кететін болсақ, 3-4 жас аралығындағы бүлдіршіндер арасынан 17 тәрбиеленуші қатысып нәтижесіндебас жүлдеге Амангелді А. – «Балдырған»МКҚК балабақшасы, І орын Орынбасар А. –ЖББ Аралтөбе ОМ, ІІ орын Дәулет Е. – ЖББ Сырым ОМБК, Әбілхалық Т. – ЖББ «Айналайы» МКҚК балабақшасы, ІІІ орын Әбіғали А. –ЖББ Жосалы ОМБК, Қабдығалиева Д. – ЖББ Ж.Досмұхамедов ат. ОМБКжәне Сағидоқас И. –ЖББ Көгеріс НМ ие болды. Сонымен қатаржыл сайын өтетін дәстүрлі Айгөлек балалар фестиваліне биыл 3-5 жас аралығында барлығы 90 тәрбиеленуші қатысып өз өнерлерін ортаға салды. Жеңімпаздар қатарынан ән жанры бойынша І орын Сатыпалды А. – «Балдырған» МКҚК балабақшасы, ІІ орын Серік А. – ЖББ Шубин ОМ, ІІІ орынМұратова А. – ЖББ Ж.Досмұхамедов ат. ОМБК иемденсе, мәнерлеп оқу жанры бойынша І орын Сағынбаева А. – ЖББ Қособа ОМБК, ІІ орын Есболсын М. – ЖББ Сырым ОМБК, ІІІ орын Қабдығалиева Д. –ЖББ Ж.Досмұхамедов ат. ОМБК тәрбиеленушілері алды. Би жанры бойынша І орын «Аспазшылар» биімен ЖББ Қособа ОМБК тәрбиеленушілері, ІІ орын «Құрбылар» биімен «Балдырған» МКҚК балабақшасы, ІІІ орын «Киндер» ойыншықтар биімен ЖББ Жырақұдық ОМ тәрбиеленушілері иемденді.

Қазіргі таңда балабақшаға кезектілік қажеттілігі жылдан-жылға туындап отыр. Аудан орталығы Жымпиты ауылында мектепке дейінгі ұйымдардың жетіспеушілік проблемасы бар.

3-6 жастағы балаларды толығымен мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту мақсатында жеке балабақшаларды ашу жұмыстары өзекті болып қалуда.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының материалдық- техникалық базасын дамыту және нығайту шараларын қабылдау, қазіргі заман талаптарына сай келетін тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық, спортпен шұғылдануға жағдайлар жасау АКТ- жабдықтарымен жабдықталу бағытында дербес компьютерлер, мультимедиялық проекторлар, сенсорлық интерактивті тақталар және дамытушы компьютерлік техникалармен қамтамасыз ету басты назардағы мәселе .

Заманауи мектепке дейінгі білім беруде жоғары талаптар тәрбиешілердің кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне, шығармашылық әлеуетіне ғана қойылмайды, сонымен қатар кәсіби ұстанымды іске асыру үшін кең мүмкіндіктер береді.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу жаңа формациядағы педагогты қалыптастыруға жоғары талаптар қояды. Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселесі, педагогтардың өз біліктілігін көтеруге деген құлшыныстарының аздығы аудан бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтарының сапалық құрамының төмендігінен байқауға болады. Балабақша мен шағын орталық педагогтарының жалпы саны –75. Оның ішінде жоғары санатты педагогтар–3, бірінші санатты педагогтар –8, екінші санаттылар – 33, санатсыз педагогтар – 31. Төмен көрсеткіш көрсетіп отырған ЖББ Тасқұдық НМ, ЖББ М.Қаналиев ат. Алғабас ОМБК, ЖББ Бұлан ОМБК педагогтары.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйым педагогтары арасында түрлі байқаулар,сайыстар жақсы жолға қойылып келеді. Әртүрлі республикалық сырттай байқауларға қатысып жүлделі орындар алып жүргендер қатарында «Балдырған»МКҚК балабақшасы, «Айналайын» МКҚК балабақшасы және ЖББ Ж.Досмұхамедов ат. ОМБК педагогтары өз үлестерін қосуда.

Облыста мектепке дейінгі тәрбиешілер арасында өткен Қадыр оқулары байқауында аудан намысын қорғап барған «Балдырған» МКҚК балабақшасының тәрбиешісі Р.Жанқылышова жүлделі ІІІ орынмен оралды.

Орта білім

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары –100 нақты қадам» стратегиялық бағдарлама құжатында білім саласы бойынша негізгі басымдық ретінде 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңмен енгізу, функционалдық сауаттылығын дамыту тұрғысында мектеп стандарттарын жаңғырту, табысты мектепті ынталандыру жүйесін құру атап көрсетілген.

Ғылыми-зерттеу және оқудан тыс шаралар, қосымша білім беру, элективті курстар арқылы мектеп мазмұнына біртіндеп енгізіліп жатқан «Мәңгілік ел» құндылығы білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінің негізі болып табылады.

Бүгінгі күні ауданда барлығы 27 білім беру мекемесі жұмыс жасайды.Жалпы білім беретін мектеп саны –22(3-і бастауыш, 6-ы негізгі, 13-і орта)

Ауданымызда бала саны азаюда. Соның салдарынан   шағын жинақты мектеп саны азаймай (18 шағын жинақты мектеп, бұл жалпы мектептің-81,8 %) отыр.ШЖМ кадр тапшылығы жыл сайын кездесетін мәселе. Әсіресе, математика, химия, орыс тілі т.с.с.ШЖМ мәселесін шешудің бірден-бір жолы ресурс орталықтарын (тірек мектебін)құру. Бұл орайда, ЖББ Бұлдырты ОМ және ЖББ Ж.Досмұхамедов ат.ОМБК жанынан құрылған 2 ресурстық орталық жұмыс жасайды. Оларға тартылып отырған магниттік мектептер: ЖББ Көздіғара НМ, ЖББ Қызылағаш НМ, ЖББ Жамбыл НМ, ЖББ Көгеріс НМ.

Шағын жинақты мектептерде шығармашылықпен айналысатын педагогтарды қолдау мақсатында «Үздік ресурс орталығы » облыстық байқауына биылғы жылы ЖББ Бұлдырты ОМ (ЖББ Көздіғара НМ, ЖББ Көгеріс НМ) қатысты.Біріккен сыныптардағы оқу процесін жіті қадағаланып отыру, оларға әдістемелік қолдау әлі де қажет.

Барлық мектептер 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім берудің жаңартылған жүйесіне көшкен болатын.Биылғы жылы 1-сыныпты 294 оқушы аяқтады. Білім берудің жаңартылған жүйесі бойынша 1-сыныпта жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуде 28 педагог жұмыстанды.Жыл бойы педагогтарға әдістемелік қолдау мақсатында семинарлар, байқаулар, кеңестер оздырылып, оқу жылының соңында білім бөлімінің «Алғыс хаттары» берілді. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен барлық 1-сынып кабинеттеріне интербелсенді тақта алынып берілді. Осы үрдіс жалғасын тауып, 2017 жылы ашылатын 1-сыныптарға да интербелсенді тақта, компьютерлермен толық қамтып отырған аудандардың бірі екенімізді атап өтуге болады.

Биылғы оқу жылында 2,5,7 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнына көшуде. Осы сыныптарға сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері, мектеп директорлары,оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары біліктілігін арттыру курстарынан өтуде.

Аудандық әдістемелік кабинет тарапынан   педагогтарды кәсіби қолдау бағытында түрлі іс-шаралар жыл бойы үздіксіз ұйымдастырылып келеді.

Жаңартылған бағдарлама бойынша білім беруге келсек, жаңартылған оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту техникалары мұғалімді шабыттандырып, одан сайын қанағаттандыратыны анық.

«Бірлескен оқу –нәтижеге жетудің басты жолы», «Жаңартылған білім мазмұны: критериалды бағалаудың жоспарлануы, ұйымдастырылуы және өткізілуі», «НЗМ жұмыс жобасындағы CLIL әдісінің тиімділігі» т.с.с. тақырыптарда бірнеше   семинарлар мен отырыстар өткізілді.

Критериалды бағалау бойынша курстан өткен 22 оқу ісі жөніндегі орынбасарлар, мектеп директорлары, 1 сынып мұғалімдері, тренерлер, жаңа форматты педагогтардың қатысуымен «Жаңартылған бағдарлама –білім берудің жаңа мазмұны» тақырыбында үлкен конференция-семинарлар өтті.

Жаңа бағдарламаға сәйкес оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға баспаларға сұраныстар жасалды.

Ауданымызда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан жасақталған 2015-2020 жылдарға арналған үштілде білім беруді дамыту жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Көптілді дамыту аясында ағылшын тілін ерте жастан оқыту жалғастырылуда. Үш тілде білім беруді енгізу бойынша ата-аналар, жұртшылық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде.

Биылғы оқу жылы ішінде үш тілде білім беруді ілгерілету шеңберінде Евразия институтының базасында 26 педагог А1 деңгейіндегі біліктілігін қорғап, А2 деңгейіндегі біліктіліктерін алу үшін курстан өтеді. Сонымен қатар, 3ай, 4ай, 10 айлық курстардан өткен педагогтардың біліктілігі де В2 т.с.с деңгейіне көтеру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Білімдік робот техникасы жаңа, өзекті педагогикалық технологиялардан тұрады. Робот техникасы білімнің келешектегі саласы: механика, электроника, автоматика, құрылыс, бағдарламалау, схема техникасы, техникалық дизайнмен байланысты.

Робототехника үйірмесі «Жасөспірімдер мен балалар шығармашылық орталығында»бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келеді. Робототехника курсы 6 мектепте (ЖББ Қ.Мырзалиев ат.ОМ, ЖББ Бұлдырты ОМ, ЖББ М.Қаналиев ат.ОМ, ЖББ В.Шубин ат.ОМ, ЖББ Қособа ОМ,ЖББ Қызылағаш НМ)   биылғы оқу жылынан бастап жүргізілуде және 5 мектепке құрал-жабдықтарды республикалық бюджет есебінен қамтамасыз етті. Педагогтарға арналған   «Робототехника курсының маңыздылығы» тақырыбында семинар өтсе,«My ROBOT»конкурсыөткізіліп, ЖББ Бұлдырты ОМ жеңімпаз атанды.

Жаратылыстану-математика пәндерін тереңдете оқыту мақсатында сыныптар ашылды. Олар ЖББ А.Жұмағалиев ат.ОМБК (9-сынып математика пәні бойынша), ЖББ Бұлан ОМБК (7-сынып география пәні бойынша). Бұл жұмыс алдағы оқу жылында да жалғасын табады. Сонымен қатар, сатылай кешенді талдау технологияларының тиімділігін зерделеу үшін облыстық деңгейде эксперимент екі ауданда жүргізілсе, соның бірі біздің ауданымыздағы ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебі (2-сынып Л.Нурмуханова және 6-сыныптарда Г.Туржигитова) болды.

Мектептері жоқ елді мекендерде тұратын оқушылардың оқуына жағдай жасау мақсатында ауданда үш мектеп жанында (ЖББ Бұлдырты ОМ, ЖББ Сырым ОМБК, ЖББ В.Шубин ат.ОМ) интернат және үш мектепте күнделікті тасымалдап (ЖББ А.Жұмағалиев ат.ОМБК, ЖББ В.Шубин ат.ОМ, ЖББ М.Каналиев ат.ОМБК) оқыту ұйымдастырылып келеді.

Оқушыларымызды мектепке және мектептен үйлеріне сапалы әрі ыңғайлы тасымалдау мақсатында күнделікті тасымалды ұйымдастыратын үш мектепте автокөлікпен толық қамтылған             Үш мектеп жанындағы интернатқа компьютер беріліп, ОТАУ TV желісіне қосылып, интернатқа қажетті құрал-жабдықтар алып берілді.

Балаларымыздың мектепте сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар,олардың денсаулығын сақтау мен шынықтыру бағытында да жұмыстар жасауымыз керек. Осы бағытта оқушыларымыздың денсаулығын сақтау мен алаңсыз оқуларына жағдай жасау үшін аудандағы барлық білім беретін мектептер бір мезгіл тегін ыссы тамақ беру ұйымдастырылып келеді.

2016-2017 оқу жылында аудандағы барлық 22 білім беру мекемесінде бастауыш сынып оқушылары түгел және 5-11 сынып оқушыларының ішінде аз қамтылған жанұяның балаларын қоса есептегенде, барлығы   1899 оқушы бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Былтырғы оқу жылы 7 мектеп, 1 балабақша мемлекеттік аттестатциялаудан өткізілді. Олардың 4-іаттестатциядан өтті(ЖББАралтөбе ОМ, ЖББ Бұлдырты ОМ, ЖББ Ж.Досмухамедов ат.ОМБК, ЖББ Құспанкөл БМ), қалған мектептер (ЖББ Қызылағаш НМ, ЖББ М.Каналиев ат.ОМБК, ЖББ Жетікөл БМ) анықталған кемшіліктерді жойып,қайта аттестатциялаудан өткізілді.

Оқушылардың үлгерімі-білім беру жүйесі жұмысының басты көрсеткіші.Ауданымыздың білім сапасына тоқталатын болсақ: оқу жылының қорытындысы бойынша үлгерім сапасы — 100 % болса (2015-2016 оқу жылында -100%), білім сапасы – 57,27% болды. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 0.07%-ға төмен.

Білім сапасы бойынша ЖББ М.Қаналиев ат.ОМБК 53,25%, ЖББ Сырым ОМБК-51,43,% ЖББ Талдыбұлақ ОМБК (52,43%),ЖББ Ж.Досмұхамедов ат ОМБК 49,11% аудандық көрсеткіштен төмен болып отыр. Аталған мектептер білім сапасын көтеру жолында жұмыстанулары қажет.

Биылғы жылы жалпы орта білім беру ұйымдарында ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) екі кезеңнен тұрды.Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы.ҰБТ – жоғары оқу орындарына түсу емтиханы.

11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (анатілі немесе орыс тілі, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстантарихы) және оқыту бейіні ескеріле отырып 1 таңдау пәні бойынша жүргізілді.

Ана тілі пәні бойынша жалпы мектеп бітіруші саны 188 оқушының 177-сі қазақ тілінде, 11-і орыс тілінде сынақ тапсырды. Ана тілі бойынша білім сапасы – 70,7 %, әдебиет пәні бойынша -78,8 % көрсетті. Жалпы ана тілі мен әдебиеті пәндері бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен 3 мектепті атап өтсек, олар: ЖББ Жырақұдық ОМ, ЖББ В.Шубин ат. ОМ -100%, ЖББ Сырым ОМБК -87,5%. Төмен көрсеткіш көрсеткен 3 мектеп: ЖББ Бұлан ОМБК -62%, ЖББ М.Қаналиев -57%, ЖББ Ж.Досмұхамедов -55%.

2016-2017 оқу жылында Қазақстан тарихынан мектеп оқушыларының қорытынды аттестаттауміндетті мемлекеттік емтиханына 188 оқушы қатысты. Соның 177-сі қазақ тілінде, 11-і орыс тілінде емтихан тапсырды.   Қазақ сыныптарында «өте жақсы» бағамен 55 оқушы бағаланса, «жақсы» бағасымен 83 оқушы бағаланды. Ал орыс сыныптарында 11 оқушының «өте жақсы» бағасымен 5, «жақсы» бағасымен 6 оқушы бағаланды. Орыс сыныптарында білім сапасы 100% көрсеткішті көрсетті. Қазақстан тарихының жалпы білім сапасы 72,9%, үлгерім сапасы 100%.

Таңдау пәні дүние жүзі тарихына келетін болсақ, ЖББ Бұлдырты ОМБК, ЖББ Қ.Мырзалиев ат. ОМБК, ЖББ Ж.Досмұхамедов ат. ОМБК, ЖББ Сырым ОМБК, ЖББ Қособа ОМБК, ЖББ М.Қаналиев ат. ОМБК мектептерінен 11 оқушы тандады. «Өте жақсы» бағасымен 7 оқушы бағаланса, «жақсы» бағасымен 4 оқушы бағаланды. Білім сапасы 100%, үлгерім сапасы 100% көрсеткіштерді көрсетті.

Қорытынды аттестатция бойынша химия пәнін 6 оқушы таңдап, білім сапасы 100%(ЖББ Ж.Досмұхамедов ат.ОМБК, ЖББ Қособа ОМ, ЖББ Бұлдырты ОМ, ЖББ Бұлан ОМ, ЖББ Аралтөбе ОМБК)құрады. Биология пәнін 101 оқушы таңдап, білім сапасы 78,2%. Жоғарғы көрсеткіш ЖББ В.Шубин ат. ОМ, ЖББ Абай ОМБК, ЖББ Бұлдырты ОМБК –100%. Төменгі көрсеткіш ЖББ М.Қаналиев ат. ОМБК –42%, ЖББ Қособа ОМ –60%, ЖББ Аралтөбе ОМБК –50%. География бойынша 20 оқушы таңдап –85%: жоғарғы көрсеткіш ЖББ Бұлдырты ОМБК, ЖББ М.Қаналиев ат. ОМБК, ЖББ Қ.Мырзалиев ат. ОМБК, ЖББ Абай ОМБК –100%, ЖББ ЖырақұдықОМБК -66%, ЖББ Талдыбұлақ ОМБК -50%. Білім сапасы алгебра бойынша 59%, төменгі нәтиже 3 мектепте (ЖББ М.Қаналиев ат. ОМБК -28,5%, ЖББҚособа ОМБК -30%, ЖББ Талдыбұлақ ОМБК -44,4). Физика пәні бойынша білім сапасы 84,8%, ең төменгі көрсеткіш ЖББ Бұлдырты ОМБК -74,4%, қалған мектептер толықтай 100% көрсетті.

«Алтын белгіге» –16 , «Үздік аттестатқа» –10 оқушы үміткер болса, барлығы да өз білімдерін қорытынды аттестаттау барысында 100% дәлелдеп шықты.

ҰБТ-ға мектеп бітірген 189 (178 қазақ сыныбы, 11 орыс сыныбы) оқушылардың 126-сы (оның қазақ сыныбы – 116, орыс сыныбы –10) қатысты, яғни 66,7 пайызды құрайды.Өткен жылмен салыстырғанда оқущылардың қатысу деңгейі 14,5 пайызға төмендеді.

ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл –78-ді құрады. Шығармашылық бағытты тандаған оқушылар саны – 6.

Шекті деңгейден өте алмағандар саны –7 түлек немесе 5,6 % (2016 жылы – 10 түлек, 6,4%,).

ҰБТ қорытындысында негізгі және таңдау пәндерінің көрсеткіштері төмендегідей болып келеді.Оқу сауаттылығы бойынша орташа балл – 15,86 балды құрап отыр. Бұл пәннен ЖББ А.Жұмағалиев ат.Жосалы ОМБК, ЖББ Сырым ОМБК, ЖББ Ж.Досмұхамедов ат.ОМБК жоғары көрсеткіш көрсетсе,ЖББ Аралтөбе ОМ, ЖББ Қ.Мырзалиев ат.ОМ,ЖББ Бұлан ОМБК төмен көрсеткіш көрсетіп отыр.

Алгебра және анализ бастамалары бойынша орташа балл – 10,39. Жоғары көрсеткішті ЖББ Абай, ЖББ Сырым ОМБК , ЖББ В.Шубин ат. ОМ көрсетсе, төмен көрсеткішті ЖББ Қособа ОМБК, ЖББ Аралтөбе ОМ, ЖББ Ж.Досмұхамедов ат.ОМБК көрсетіп отыр.

Қазақстан тарихы пәнінен орташа балл –14,48. Жоғары көрсеткіш көрсеткен ЖББ Аралтөбе ОМ, ЖББ А. Жұмагалиев ат. Жосалы орта мектептері, ЖББ Талдыбұлақ ОМ болса, төмен көрсеткіш көрсеткен ЖББ Қособа ОМБК, ЖББ В.Шубин ат.ОМ, ЖББ Ж.Досмухамедов ат.ОМБК.

Ағылшын тілі пәнін 6 оқушы таңдаған. Орташа балл-20,25.Дүниежүзі тарихы пәнін 25 оқушы таңдаған. Орташа балл-19,72. Биология пәнін 53 оқушы таңдады. Орташа балл-20,13 Химия пәнін таңдағандар саны — 40. Орташа балл-19,86. География пәнін 34 оқушы таңдады. Орташа балл-19,83 балл.Физика пәнін таңдағандар саны -28. Орташа балл-19,9.Құқық,қоғам, адам пәнін 4 оқушы тандаған.Орташа балл-18,2.

Аудандық әдістемелік кабинет тарапынан ҰБТ мен қорытынды аттестаттаудың ережелерімен мектеп әкімшілігін, ата-аналарды кеңінен түсіндіру бағытында кеңестер жүргізіп, пән мұғалімдерімен семинар-практикумдар өткізілді. Байқау сынақтары жүргізіліп отырды.

ҰБТ қорытындысы бойынша 47 оқушы мемлекеттік грант ұтып алды. Бұл ҰБТ тапсырған оқушылардың –37% құрап отыр. Мемлекеттік грантты жеңіп алудан жоғары нәтижені ЖББ А.Жұмағалиев ат. ОМБК   100%, ЖББ Абай ОМБК 75% көрсетті. Бұдан оқушылардың оқу орнын таңдауда жан-жақты зерделеу қажеттігін байқауға болады.

Білім беру саласында оқушылардың білімін бағамдайтын білім бәсекесі – бұл пәндер олимпиадасы.

2016 жылдың желтоқсан айында пән бойынша өткен аудандық пән олимпиадасына 8-11 сыныптан барлығы 252 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Бұлдырты ОМ (70,6%), Бұлан ОМ(62,5%), Қ.Мырзалиев ат. атындағы орта мектептерден қатысқан оқушылар жақсы нәтиже көрсетсе, Қазақстан НМ,Көгеріс НМ,Жамбыл негізгі мектептерінің нәтижесі төмен болды.

Облыстық пән олимпиадасында былтырғы оқу жылы 11 оқушы қатысып, республикалық олимпиадаға бір оқушымыз қатысса, биылғы оқу жылы 15 оқушымыз қатысып,   11 сынып математика пәнінен Бахытов Ернияз, орыс тілінен Рахмитуллина Айкөркем, 10-сыныптың құқықтану негіздері бойынша Ұлықпанова Әсем ІІ орын иеленсе, биология пәнінен Уразова Гулфия,Сайфуллин Шыңғыс, тарих пәнінен Карім Алтынай жүлделі ІІІ орын алды. Кеңес Мадина мен Мухамбедиева Салтанат «Алғыс хат» алып ұстаздарының еңбегін ақтады.

2017 жылдың 27-28 сәуір аралығында I аймақтық Қадыр оқуларының Сырым ауданы, Жымпиты ауылындағы ЖББ Қ.Мырзалиеа ат.ОМ базасында ашылу салтанаты болып, байқауға 4 облыстан қатысушылар келді. (Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, БҚО).

«Сөздің бәрі құдіретті..» бөлімі бойынша Бас жүлдені ЖББ Қ.Мырзалиев ат.ОМ 9 сынып оқушысы Шаужан Асылгул, «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, кейбір жырым бақташы боп жүр маңда..» бөлімі бойынша ЖББ А.Жұмағалиев ат.ОМБК 8 сынып оқушысы Ерболатова Фариза алғыс хат,«Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін..» бөлімі бойынша ЖББ А.Жұмағалиев ат.ОМБК 10 сынып оқушысы Қамидолла Алтын 3 орын иеленді.

Самара облысының Білім және Ғылым министрлігі және муниципалдық бюджеттік жалпы білім беретін С.П.Королева атындағы техникалық лицейінің ұйымдастыруымен өткізілген «Друзья по вдохновению» І халықаралық Пушкин оқуларында ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы ОМ оқушылары жақсы нәтижелер көрсетті.

М.Кабдыгалиева 7-сынып оқушысы — ІІ орын (Пән мұғалімі Н.А.Суюнгалиева орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі), А.Маграшева 9-сынып оқушысы –Қатысушы сертификат (Пән мұғалімі М.Е.Траисова орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі), Р.Галымжанова 3-сынып оқушысы — Диплом және қатысушы сертификаты (Пән мұғалімі В.Г.Жанадилова бастауыш сынып мұғалімі).

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысқан ЖББ Қ.Мырзалиев ат.ОМ мен ЖББ Бұлдырты ОМ оқушылары үздік нәтижелермен оралды. Осы байқауға қолдау көрсеткен оқушылардың ұстаздары мен ата-аналары екенін атап өткен жөн.

Бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білімін игерту. Жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыру үшін олардың қабілеттерін көре білу, анықтаудың маңызы зор. Қабілетті оқушылармен жүйелі жұмыс жасай отырып, нәтижелер алуға болады.

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ

Білім беру жүйесінің басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан — жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады.Осы сияқты қасиеттерді білім алушылардың бойында қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылады.

Тәрбие саласында баға жетпес рөлді қосымша білім беру жүйесі атқарады. Балалар өздерінің қабілеттерін дамытып, қазіргі қоғамға бейімделеді, қосымша білім беру орталықтардың арқасында бос уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндік алады.

Білім беру бөліміне қарасты аудан орталығындағы үш қосымша білім беру ұйымдарында 2016-2017 оқу жылы 1524 оқушы қамтылып отыр. Жіктесек: «Балалар шығармашылық орталығы» МКҚК — 948, «Жас туристер станциясы» МКҚК — 371, «Балалар саз мектебі» МКҚК — 147 оқушы бар. Ол аудан оқушыларының 52 пайызы, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға төмен.

ЖББ мектептерде 150 үйірмеде 2431 оқушы көркем-эстетикалық, техникалық, сәндік-қолданбалы, экологиялық, туристік-өлкетану, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика, тілдік және басқа бағыттардағы үйірмелерге қатысса, 70 шақты спорттық үйірме мен секцияларға 931 оқушы тартылған.

1.Балалар мен жасөспірімдершығармашылық орталығында сәндік-қолданбалы, эстетикалық және техникалық бағытта – 37 үйірме жұмыс жасайды. Педагог саны 30; оның ішінде 1 — жоғары санатты, 5 – бірінші, 13- екінші, 11-і санатсыз.

  1. Жас туристер станциясында және аудандағы мектептерде (8 мектепте) туризм, өлкетану және экология бағыттарында ашылған 29 үйірмеде 18 педагог жұмыс істейді. Олардың 1-і жоғары санатты, 1-і бірінші санатты, 8-і екінші санатты, 8-і санатсыз жас мамандар.

2017 жылдың алты айлық қорытындысы бойынша облыстық туризм рейтингісінде Сырым аудандық «Жас туристер станциясы» МКҚК – ны 7-ші орында тұр.

Жаз айында «Жас туристер станциясы» МКҚК – ны аудандық «Достық» сауықтыру-демалыс лагерін және шатырлы лагерь ұйымдастырады.

31 мамыр – 2 маусым аралығында ұйымдастырылған облыстық «Шырқалған жастық шақ» жас бард әндерін орындаушылар байқауына ЖББ Бұлдырты ОМ және ЖББ Көгеріс НМ оқушылары қатысып, ЖББ Бұлдырты ОМ-нің 9 сынып оқушысы Ерназ Жанұзақов бас жүлдені жеңіп алып, 2017 жылдың 22-25 маусым аралығында Маңғыстау облысы Ақтау қаласында оздырылған республикалық «Менің Отаным — Қазақстан» экспедициясы шеңберіндегі бард әндерінің байқауында 2 орынға ие болды.

2-8 шілде күндері аралығында Ақтөбе облысында ұйымдастырылған республикалық велотуризм техникасы бойынша жарыста «Жас туристер станциясы» МКҚК педагогы Сырым Ажигалиев жүлделі 1 орынға ие болып, ҚР Мәдениет және спортың министрлігінің медалімен марапатталды.

3.Балалар саз мектебінде домбыра, қобыз, cкрипка, фортепиано, труба, дәстүрлі ән, вокал бойынша сыныптар жұмыс жасайды. Мекемеде 1-ші санатты 1 педагог, 2-ші санатты 7 педагог және санатсыз 4 педагог жұмыс істейді.

Шығармашылық орталық пен саз мектебінің тәрбиеленушілері 2016-2017 оқу жылы халықаралық, республикалық байқау –фестивальдерге қатысып, жүлделі орын алған оқушылар өткен жылмен салыстырғанда көбейді. Бұл жетістіктер қосымша білім беру беру педагогтарының ізденіп, кәсіби біліктілігінің арттыруына байланысты. Соның ішінде шығармашылық орталықтағы «Жас ақындар» үйірмесі оқушылары мен саз мектебіндегі «Домбыра» сыныбының оқушыларының жетістіктері – ұстаз бен оқушы еңбегінің жемісі.

Қосымша білім берудің басты бағытының бірі –оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру болып табылады. Демалыс – бос уақытын өткізу ғана емес, ол міндетті түрде оқушының өзін-өзі қалыптастырудағы қажеттіліктерді қанағаттандыратын, тұлға ретінде өсуін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін дамытушылық істерге толы болуы қажет.

Аудан бойынша биылғы жылы 19 мектепте 2740 оқушы бітіріп,       1743-і мектепішілік лагерге қамтылды. 1 маусымнан бастап 7 күннен 10 кезеңге 60 оқушыдан 600 оқушы аудандық «Достық» лагеріне демалды.Тамыз айында Аралтөбе ауылында туристік-өлкетану бағытында 80 оқушыға «Жас турист» шатырлы лагері жұмыстанды.Орал қаласындағы «Дарын» қосымша білім беру орталығы ұйымдастыратын жыл сайынғы ақысыз бейімді ауысымдарға 29 оқушы, облыстық «Еуразия» сауықтыру орталығына 28 оқушы, Қапшағай қаласындағы Республикалық «Балдәурен» сауықтыру-демалыс орталығына 10 оқушы жолданды.

Биылғы жылы Астана қаласында өтіп жатырған «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін маусым-тамыз айларында ауданымыз бойынша бюджеттен-183 оқушы, демеушілікпен – 34 оқушы, ата-ана есбінен 90 оқушы, барлығы 307 оқушы барып, жақсы әсер алып келді.

2016 жылы 2675 оқушы, яғни 96,5 пайызы жазғы демалыспен қамтылды. 2017 жылғы қорытынды бойынша жазғы демалыспен 270 оқушының 2719-ы, яғни 99,2 пайызы қамтылды.

Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оқушылардың қарым-қатынас деңгейін анықтау мақсатында аудан орталығында түрлі жобалар енгізілді. Солардың бірі, Орал қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің іс-тәжірибесіндегі сынып жетекшінің жұмысын дамытудағы кураторлық қызмет.

Кураторлық қызметте –халықтың мұра болып келе жатқан мәдениетін меңгертуге барлық жағдайды туғызу, сынып ұжымында түрлі тәжірибе жұмыстарын ұйымдастыру арқылы әр баланың ойын еркін жеткізуге, жеке түзету үдерісін әлеуметтендіру жұмыстарын жүргізуді жетілдіру жолға қойылған.

Биылғы жылы   ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы ОМ және ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы ОМБК 5 сыныптарында   кураторлар өз жұмыстарын жүргізген болатын. Осы жұмысты дамыту және мамандарға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 2017 жылдың ақпан айының 27-28 күндері жоғарыда аталған мектептердің кураторлары Орал қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Заманауи білім беру жүйесіндегі кураторлық қызметтің маңыздылығы» тақырыбында өткен семинарға қатысып, тәжірибе алмасып келді.             Сонымен қатар, аудан орталығында да тәжірибе алмасу мақсатында кураторлармен дөңгелек үстелдер өткізілді.

Аудан мектептерінде үзілісте оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оқушылар арасында құқық бұзушылықтың, зорлық- зомбылықтың, діни экстремизмнің, суицидтің алдын алу жұмыстарын жетілдіру, оқушыларды өмірді сүюге тәрбиелеу және оқушыларға өмір құндылықтарын ұғындыру мақсатында аудандық «Жаңашылдар» шығармашылық тобының құрған «Уақыт жетістікке жетелейді» жобасы жасақталып барлық мектептерде жүргізіліп басталды. Бұл жобаның жұмыстары мектептердегі оқушылардың 20 минуттық үзілістерінде ұйымдастырылып өткізіледі. Жобаның ережесіне сай аптаның әр күні атқарылатын жұмысына сай белгіленді. Әр күннің өз мақсаты, өткізу фомалары, ұйымдастырушылар категориясы, өткізу уақыты, өткізу ұзақтығы ережеде көрсетілген. Бұл жұмыс келесі оқу жылында да өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

ҚР «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындажануарлар дүниесін, оның биологиялық сан алаундылығын сақтау, жануарлар дүниесі объектілерін орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған облыстық «Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне арналған» балалар шығармашылық байқауында ЖББ Абай ОМБК Орынғалиева Ә. ІІ орын, ЖББ Қызылағаш НМ Ермұханов Е. ІІІ орындарды иеленсе, облыстық «Күзгі өнімдер» байқауында ЖББ Бұлан ОМБК оқушылары ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар «ЭКСПО-2017» жас экологтар форумының облыстық кезеңінде ЖББ Қособа ОМБК оқушысы Талап Т. ІІ орын алса, жалпы аудан командасы «Алғыс хатқа» ие болды.

Оқушылардың бойындағы патриоттық сезімді ояту, экологиялық тәрбиелеу, еңбекке баулу мақсатында ұйымдастырылған «Саябақтар шеруі» акциясының облыстық кезеңінде ЖББ Абай ОМБК командасы жүлделі ІІІ орынға ие болса,облыстық «Гүлдер әлемі» фестивалінде ЖББ Қособа ОМБК оқушысы Чапай А. ІІ орын алды.

Оқушылардың жаратылыстану ғылымдары негіздеріне қызығушылықтарын дамыту; оқушылардың оқу-танымдық жұмысын ынталандыру; энциклопедиялық білімді насихаттау, ғылыми жұмысқа қызығушылығын дамыту мақсатында өткен облыстық “Бесінші элемент” химиялық-эксперименттік турнирінде ЖББ Ж.Досмұхамедов ат.ОМБК оқушысы Алмуратова А. «Алғыс хат» иеленді.

2017 жылы білім беру ұйымдарында еңгізілген келесі бір жобаға тоқталатын болсақ, ол білім беру ұйымдарында «Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу» жобасы немесе суицид превенция жобасы деп аталады. Мақсаты:Стрессте жүрген немесе өз-өзіне зиян келтіретін қауіпті аймақтағы балаларды тану.Суицидке байланысты қауіпті аймақта тұрған балалармен дұрыс қатынас жасау. Суицидалды мінез-құлықтағы оқушыларға дұрыс көмектесеміз   немесе маманға бағыттаймыз. Көмекті қалай және қайдан   алуды анықтау.

Жалпы ата-аналар жиналыстарында аталған жоба барысы түсіндірілді.Аудан бойынша барлығы 871 ата-ана, соның ішінде келісім бергені 793, яғни 91 пайызы, келісім бермегені–78, соның ішінде ПМПК қорытындысы негізінде босатылған оқушылар бар.8-11 сыныпоқушыларына сауалнама өткізу үшін ата-аналарынан келісім парақтары алынды. Сауалнама мақсаты өз-өзіне зиян келтіретін және психологиялық стресске байланысты қауіпті аймақта тұрған жасөспірімді анықтау.Суицид превенция жобасы аясында үлестірмелі материалдар, соның ішінде плакаттар, мектеп психологтарына арналған әдістемелік нұсқаулық,сауалнама, мектеп оқушыларына арналған кітапша шығаруға 457 765 мың теңге қаржы жұмсалды.2017 жылдың 8-20 мамыр аралығында бағдарламаға қатысатын мектептер әрбір сыныптар мен топтарда, әрбір балаға бағдарлама жөнінде жасөспірімдерге арналған материалды қолдана отырып, бағдарлама аясында ағарту-насихаттау жұмыстары жүргізілді.

Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруда оқушыларды спорттық шараларға тарту маңызды екені сөзсіз.

Аудан бойынша балалармен жасөспірімдер спорт мектебіне баратын оқушылар саны –464. Спорттық шаралар өтетін нысандарға тоқталсақ; жай спорт алаңдары –57, қол добын ойнайтын алаң –7, комплекстік алаң-1(ЖББ Қ.Мырзалиев ат.ОМ),теннис корты –2(ЖББ Бұлдырты ОМ ОМ, ЖББ Ж.Досмұхамедов ат.ОМ), тренажер залы –1(ЖББ Ж.Досмұхамедов ат.ОМБК), гимнастикалық қалашықтар –12,типтік жобамен салынған–15 спортзалдар бар. Оқу-жаттығу процестерін, сыныптан тыс спорттық-бұқаралық шараларды ұйымдастыруға толықтай мүмкіндіктері бар. Дегенмен де, кейбір мектептерде спортзалдарға күрделі жөндеуді қажет етеді.

Оқу процесі жаңа бағдарламаға сәйкес базалық бөлімі толықтай игеріліп, вариативтік бөлімі мектептердің жаттығу спорттық базаларына, жергілікті мүмкіндіктерге және мұғалімнің кәсіби біліктілігіне қарай өзгертіліп, қыс мезгілінде ұлттық ойындар мектептерде өткізіледі. Сыныптан тыс секциялық жұмыстарға қатысатындар саны –931 оқушы.

2017 жылы сәуір айында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің25-жылдығына арналған аудандық «Айбын» әскери-патриоттық жиыны ұйымдастырылды. Нәтижесінде мамыр айында өткізілген облыстық кезеңінде «Қадыр қырандары» клубының тәрбиеленушілері «Әскери – патриоттық клубтардың презентациясы» сайысы бойынша І орын, компьютерлік ойында ІІІ орынға қол жеткізіп отыр. Маусым айының 9-20 Қарағанды қаласында өткізілген Халқаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынында «Ұлан» патриоттық клубының тәрбиеленушісі Амангелдиев Аслан әскери кростан ІІІ-орынды жеңіп алып келді.

Мектептерде жыл сайын патриот айлығы, әскери оқу орындарындағы курсанттар мен кездесу, тәрбие сағаттары жоспарларына қарай түрлі іс- шаралар ұйымдастырылып келеді.

Жастарды әскери ұлтжандылыққа тәрбиелеу үрдісін жандандыру, дене бітімін жетілдіру қажеттілігі мен қызығушылықты қалыптастыру, әскери дағдыларға үйрету мақсатында аудандық білім беру бөлімі 10 сыныпта оқитын ер балалармен 2017 жылдың маусым айының 06-10 күндері аралығында жалпы білім беретін Аралтөбе орта мектебінің негізінде 5күндік оқу-далалық жиыны ұйымдастырылды.10 сыныпта оқитын 100 ер баламен таңертеңгі сағат 600-2200-ге дейін бес күндік оқу-далалық жиыны бағдарламаға, кестеге және күн тәртібіне сәйкес өткізілді.

Далалық жиынға қатысушы оқушылар мен АӘД оқытушы ұйымдастырушылары қатаң түрде бекітілген күн тәртібін, сабақ кестесін орындап, оқу сағаты мен ату жаттығуларын ұйымшылдықпен өткізді. Жиынға қатысқан оқушылар 5 күн ішінде алғашқы әскери дайындық пәнінен алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолданды. Оқушылар арасында әскери- спорттық жарыс ұйымдастырылды. Өткізілген іс-шаралардың оқушылар бойына патриоттық сезімдерді ұялатуға, еліміздің мемлектеттік рәміздерін құрметтеуге, туған жеріміз үшін мақтаныш сезімін туғызуға арналған ролі өте зор.

Инклюзивті білімді дамыту

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауларында даму мүмкіндігі шектеулі жандарға көбірек көңіл бөлу керектігіне тоқталып, «Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуі тиіс-бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз» деген болатын.

Қазіргі уақытта ауданымыз бойынша «Айналайын» МКҚК, «Балдырған» МКҚК балабақшаларында, ЖББ М.Қаналиев атындағы Алғабас ОМБК, ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы, ЖББ Сырым ОМБК және ЖББ Қособа ОМБК-де инклюзивті білім беру мақсатында инклюзивті кабинеттер ашылып өз жұмыстарын атқаруда. Инклюзивті кабинеттерде барлығы 40 бүлдіршін инклюзивті біліммен қамтылған.

Сонымен қатар, ЖББ М.Қаналиеватындағы ОМБК-де дефектолог-мұғалім, логопед-мұғалім, ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы ОМБК-де дефектолог-мұғалім, логопед-мұғалім, ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы ОМ-де дефектолог-мұғалім, логопед-мұғалім, Бұлдырты орта ЖББМ-де дефектолог-мұғалім, логопед-мұғалім, А.Жұмағалиев атындағы Жосалы ОМБК-дефектолог-мұғалім, ЖББ Қособа ОМБК-де дефектолог-мұғалім және В.И.Шубин атындағы Правда орта ЖББ мектебінде дефектолог-мұғалім жұмыстануда.

Аудан бойынша инклюзивті біліммен қамту 2016-2017 оқу жылында 72 % құрайды. (2015-2016 оқужылы- 52,1 %)

ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінде, ЖББ М.Қаналиеватындағы ОМБК және ЖББ Ж.Досмухамедов атындағы ОМБК-де психикалық дамуы тежелген балаларға арналған түзете-дамытаоқыту сыныптары бар. Мұнда арнайы сынып оқушыларына барынша жағдай жасалған.

Қорғаншылық- қамқоршылық

Елімізде ана мен баланы қор¬ғау және отбасыларына қолдау көр¬сету шараларының көптеп қабыл¬данып жатқанына қарамастан, же¬тім бала мәселесі күн тәртібінде тұр. Қорғаншылық және қамқоршылық органының функциясын жүзеге асырушы бөлім тарапынан кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Аудан бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 20 бала есепте болса, соның 19 қорғаншылықта (қамқоршылықта), 1-і патронаттық тәрбиеде. Олардың 13-і жетім, 7-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар санатында.

Педагог кадрлармен жұмыс

Мектептің жүрегі – мұғалім, білікті ұстаз. Сондықтан да ең маңызды міндеттердің бірі –педагог мәртебесін көтеру.

Қазіргі уақытта ауданымыздың 22 білім беру мекемесінде барлығы 475 педагог (2015-2016 оқу жылы — 483) қызмет етеді.Білімділік деңгейіне талдау жасайтын болсақ: 413 жоғары (2015-2016 о.ж. 413) 72 арнаулы орта (2015-2016 о.ж. -70)білімді мамандар.

Санаты бойынша:73-і (15,1%) жоғары санатты (2015-2016 оқу жылы — 73-і (15,1%),166-сы І санатты (33,5%) (2015-2016 оқу жылы   — 162 (31,7 %), 129-ы (31,1%) ІІ санатты (2015-2016 оқу жылы   — 150 (32,2%), 107-сі (20,3%) санаты жоқ (2015-2016 оқу жылы   — 98 (21%).

Биылғы жылы аудан бойынша жоғары және бірінші біліктілік санаты бар педагогтердің үлесі жалпы педагогтар санының 50,7%   құрап отыр (2016 жылы – 48,7%).

Аудандық әдістемелік кабинет жанынан «Зерде»жаратылыстану-математика пәні мұғалімдеріне, «Лингвист»гуманитарлық бағыттағы педагогтарға, «Өркен» қоғамдық бағыттағы педагогтарға арналған мектеп филиалдары құрылып жұмыс жасауда.Бұл мектеп арқылы ауданымыздың педагогтары облыс,аудан педагогтарымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.

2016-2017 оқу жылында НЗМ ААҚ жанынан құрылған педагогикалық шеберлік орталығы мен «Өрлеу» Ұлттық біліктілік арттыру»АҚ –да 185педагог біліктілігін жетілдіру курстарынан өтті. Сонымен қатар аудан педагогтары арасында пән мұғалімдерінің олимпиадасы жылма-жыл ұйымдастырылып, жеңімпаз облыстық байқауға қатысуда.

2016 жылдың 21 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президент күніне орай облыстық (сырттай) шығармалар байқауына ЖББ Бұлдырты ОМ орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Қ.Б.Рамазанованың шығармасы жүлделі І орын иеленсе, ағылшын тілі пәні бойынша ЖББ Бұдлдырты ОМ Г.А. Балпейсованың шығармасы ІІ орын алды.

Биылғы жылы Республикалық «Үздік педагог» байқауының облыстық іріктеу кезеңіне жолданған ЖББ Қ.Мырзалиев ат.ОМ қазақ тілі пәні мұғалімі Г.Тұржігітова жүлделі ІІІ орын иеленіп, республикалық байқауға жолдама алды.

Аудандық әдістемелік кабинет әдіскерлері де облыстық деңгейде ашық есік күнін жоғары деңгейде өткізіліп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, 6 әдіскер жоғары, бірінші санаттарды иеленіп, түрлі бағыттарда әдістемелік жинақтарын шығаруда.

Құрметті әріптестер!

Біздің салған күш қайратымыз, оқыту мен тәрбие беру жолында көрген бейнетіміз – болашақтың бастауы болып саналатын жас ұрпақтың кепілдігі екеніне күмәніміз жоқ. Жас ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие беру жолындағы еңбектеріңізге нұр жауып, жаңа табыс биіктеріне шыға беріңіздер! Келе жатқан жаңа оқу жылы құтты болсын!