24.08.2017, 15:08
Қараулар: 181
Өрлеудің ісі өрелі

Өрлеудің ісі өрелі

10.28.07.16Ұлт көшбасшысы НӘНазарбаев әрдайым халықтың, әр отбасының тұрмыстық жағдайын арттыруға   бағытталған әлеуметтік қолдауларды айтып келеді.   2015 жылдың   26 сәуірде ҚР   Президенті Н.Назарбаев 5 институционалдық реформаны іске асыру жөнінде «100 нақты қадам» атты Ұлт Жоспарын ұсынғаны белгілі. Осы Ұлт Жоспардың 84-ші қадамында   Әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетін болады, делінген. Мемлекет басшысының қолданыстағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіру тапсырмасы аясында, 2016 жылдың екінші тоқсанынан бастап, әлеуметтік мұқтаж топтарды қолдауға және отбасындағы нақты табысты арттыруға бағытталған “Өрлеу” пилоттық жобасы жүзеге асырылып келе жатырғанын жақсы білеміз. «Өрлеу» жобасы– отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің, әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы. Жоба жұмысқа тұруға, мамандыққа оқуға, қайта даярлауға, сонымен қатар жастар тәжірибесіне, қоғамдық жұмыстарға және әлеуметтік жұмыс орындарына ықпал етеді. «Өрлеу» жобасын жүзеге асыру барысында   Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шарттық негізінде ассистенттер және әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант қызмет атқарып келеді. Олар әрбір адаммен жеке сөйлесіп, қажетті көмекті қалай алып, тиімді жұмсауы үшін қажетті ақпараттарды береді. Ассистенттер – шартты ақшалай көмек алу үшін ауылдық округ әкіміне жүгінген үміткермен консультациялар өткізу, әңгімелесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шарт негізінде тартатын адамдар.       Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана берілетінін жақсы білеміз.

Бүгінгі таңда ауданымызда 55 отбасындағы   250 адамға жалпы сомасы 10 939,0 мың теңге шартты ақшалай көмек тағайындалып, сонын 26 отбасындағы 115 адамға 4385,0 мың теңге көмек көрсетілді.

Көрсетілген шартты ақшалай көмекке 25 ірі қара және 24 ұсақ мал сатып алынды. Көмек көрсетумен қатар, 12 жұмыссыз адамдар тұрақты және маусымдық жұмыстарға орналастырылса, 12 жұмыссыз жан қоғамдық жұмысқа тартылды және 2 адам кәсіптік оқу оқуда. Жоба аясында, әрбір азаматты жұмысқа орналастыру үшін жолдама беріп, жұмыс берушімен ол адамның арасында еңбек шартын толтырып, міндетті зейнетақы төлемдерін уақытылы аударуын қатаң қадағалаудамыз. Өрлеу жобасы аясында азаматтардың тұрмысын жақсарып көмек алуларына барлық жағдай жасалған деп толық айтуға болады. Өрлеу жобасы арқылы мал алып, құс өсіріп, болмаса шағын кәсіпкерлікпен де айналасы алады. Яғни, азаматтардың кейін өз қолдары өз ауыздарына жетіп,   жалтақтамай         күн кешулеріне кепілдік деген сөз. Өрлеудің өрелі істері жалғасын табатын болады, ал біз адамдарға көмек көрсетуге әрқашан дайынбыз.

А.БаяндыҚов,

Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің басшысы

100 нақты қадам

Басқа да мақалалар