29.08.2017, 10:14
Қараулар: 234
МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ОНЫҢ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ОНЫҢ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ

03.29.08.17Бәрімізге белгілі 2017 жылғы 31 қаңтарында Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы тапсырма берді.

Қазақстан Республикасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу қажеттілігі алғаш рет «Институттық реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам»» жоспары мен Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында анықталған болатын.

2015 жылдың 16- шы қарашасында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңы қабылданды.

2016 жылғы 22 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Мұнда «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды» енгізу мерзімін ауыстыру қарастырылған.

Аталған құжатқа сәйкес Медициналық сақтандыру қорына төленетін жарналар мерзімі 2017 жылғы 1 шілдеден 2018 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылды.

Жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалардың Қорға төлейтін жарналары 2017 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 1 шілдеге ауыстырылды.

Жалдамалы жұмысшылардың жарна төлеу мерзімі бұрынғыдай – 2019 жылдан басталады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында медициналық көмек алу және медициналық мекемені таңдау құқына ие болады. Азаматтардың бірқатар санаттары үшін МӘМС жүйесіне жарналар мен төлемдер жасау 2017 жылдың 1 шілдесінен басталады.   Келесі жылдың басынан бастап МӘМС тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) бойынша қаржылық оператор және МӘМС аясындағы медициналық қызметтерді стратегиялық сатып алушы қызметін атқара бастайды.

Қазіргі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес ұйымымен бірлесіп, міндетті сақтандыру қорының толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті құқықтық-нормативтік базаны, негізгі бизнес-үдерістерді, ақпараттық жүйелерін әзірлеу мен оларды бекіту бойынша жұмыстар атқаруда.

Айта кетерлігі, Қордың медициналық қызметтерді стратегиялық сатып алушы ретінде ұзақ мерзімді келісімдер арқылы біріңғай тарифтік саясат бойынша жұмыс істеуі медициналық көмек пен дәрілік заттардың бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.   Осылайша, МӘМС медициналық қызметтің халықтың барлық санаттары үшін тиісті көлемде қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс.

Осыған орай, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстегі ТМККК аясындағы қызметтерді сатып алу мен ТМККК аясындағы дәрілік қамтамасыз етуді сатып алу құзырын облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астаналық денсаулық сақтау басқармаларынан алып тастау қарастырылған.

Бұл облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың бюджеттерінен ТМККК-ға қатысты шығындарды алып тастап, қаржыны республикалық деңгейде шоғырландыруға мүмкіндік береді. Осылайша, қаржыларды республикалық, облыстық бюджеттерге бөлшектемей, вертикалды бақылау орнату арқылы тиімді пайдалануға мүмкіндік туады.

МӘМС енгізу мақсатында Министрлік құзырлы органдардың қатысуымен ақпараттандыру саласында «Медициналық қызметтерді пайдаланушылар регистрі», «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» ақпараттық жүйелерін әзірлеп, тестілеуден өткізді. Бұл жүйелерде Міндетті медициналық сақтандыру қорына аударылған жарналар мен төлемдер, азаматтардың мәртебесі (сақтандырылған/сақтандырылмаған) туралы ақпараттар сақталады.

Аталған жұмыстар аясында Министрліктің ақпараттық жүйесін басқа мемлекеттік органдардың (Әділет министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Ішкі істер министрлігі, ҚР Жоғарғы Соты) ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жоспарланып отыр. Медициналық қызметтерді сатып алуға қатысты бизнес-үдерістерді автоматтандыру үшін (Медициналық қызмет көрсетушіні таңдау» және «Шарттасу») «Ресурстарды басқару жүйесі» ақпараттық жүйесінің «Мердігерлер регистрі» модулін іске қосу бойынша жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың 8 ақпараттық жүйесімен интеграциялау жоспарланып отыр.

МӘМС-ті енгізу бүкіл денсаулық сақтау жүйесін реформалаумен бірге кешенді түрде жүргізіледі.

Денсаулық сақтау саласындағы жақандық мәселелер (жұқпалы емес аурулардың өсуі, жаңа технологиялар енгізілуіне байланысты саладағы ресурс тапшылығының өсуі, егде жастағы тұрғындар санының өсуі) бұл салаға кететін шығындардың көбеюіне әкелуде.

Халықаралық тәжірибе міндетті медициналық сақтандырудың енгізілуі аталмыш мәселелерді шешуге ықпал етіп, денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететінін көрсетіп отыр.

Міндетті медициналық сақтандырудың енгізілуімен қатар, денсаулық сақтау саласына жұмсалатын қаржы өсіп, бұл медициналық қызметтің жоғары сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

МӘМС-ті енгізудің мақсаты – медициналық көмек көрсетудің мемлекет, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген тұрақты міндеттемелер жүйесін қамтамасыз ету. Осылайша, бұл жүйеде әрбір тараптың денсаулық сақтау жүйесіндегі орны нақты белгіленген.

Қазіргі бюджеттік үлгімен салыстырғанда, МӘМС-тің келесі артықшылықтары бар: денсаулық сақтау үшін ортақ жауапкершілік (мемлекет, жұмыс беруші, адам), әлеуметтік бағдар, МӘМС-тің міндетті сипаты, теңдей қолжетімділік (табысы мен жарна көлеміне қарамай, барлығы МӘМС аясында тиісті медициналық көмек ала алады), медициналық мекемелер арасындағы бәсекелестік, медициналық қызмет сапасының артуы, стратегиялық сатып алулар, денсаулық сақтау жүйесі үшін қосымша қаржыландыру, бейресми төлемдердің азаюы.

Анықтама үшін: Заңға еңгізілген толықтыруларға сәйкес, 2017 жылдың 1 шілдесінен жұмыс берушілердің төлемақысы еңбек қорының 1%-нан 2022 жылға қарай 3% -ға дейін өседі. Өзін өзі жұмыспен қамтушы азаматтардың жарнасы 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап республикалық бюджетте тиісті қаржы жылына белгіленген екі ең төменгі жалақы мөлшерінен 5%-ды құрайды. Өзін өзі жұмыспен қамтушылар қатарына Заң бойынша жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімдер бойынша табыс табатын жеке тұлғалар жатады. МӘМС жүйесімен азаматтарды барынша кеңінен қамту мақсатында Қазақстан Республикасынан шетелге шыққан азаматтарға, төлемшілердің басқа да санаттарына (экономикалық белсенді емес еңбекке жарамды азаматтар) 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының 5% -ы көлемінде жарна белгіленген. Мемлекеттің әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға төлемақысы келесі көлемде белгіленген: 2018 жылдың 1 қаңтарынан – мемлекеттің төлем жасау нысанынан 3,75 %; 2019 жылдың 1 қаңтарынан – мемлекеттің төлем жасау нысанынан 4; 2022 жылдың 1 қаңтарынан – 4 пайыздан кем емес, бірақ төлем жасау нысанынан 5 пайыздан артық емес.

Жалдамалы жұмыскерлердің жарналары өзгеріссіз қалады: 2019 жылы – жалақыдан 1%, 2020 жылдан – жалақыдан 2%. Қорға түсетін төлемдердің басым бөлігі мемлекет өз мойнына алып, 10,1 млн. тұрғындар үшін төлемақы жасайды.

Бүгінгі таңда денсаулық сақтау министрлігі мен МӘМС ведомствалары арасында комиссия құрылды. Жағарыда айтылғандағыдай Елімізде 2017 жылдың 30 маусымында міндетті Әлеуметтік медициналық сақтандыру заңына өзгерістер мен толықтырулар еңгізілген болатын. Осыған орай бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бойынша барлық 16 аумақтарда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылды соның ішінде Батыс Қазақстан облысында 2017 жылдың 14 шілдесінен бастап қордың филиалы өзінің жұмысын бастады.

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалардың жарналары, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылуда, Батыс Қазақстан облысы бойынша 38 231 адамға 59,9 млн. тенге аударылды.

Бүгінгі таңда МӘМС барысында туындайтын мәселелерді шешу үшін ақпараттық-түсіндіру, МӘСҚ-ның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, ақпараттық деректер базасын жинақтау, оның интергациясын дайындау және нормативтык-заңнамалық актілер дайыдалу жұмыстары жалғастырылып жүргізіліп жатырғаның айта кеткен жөн. Соның ішінде 3-ші кезең мерзімінде Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын (АТЖ) өткізу мәселелері бойынша үстіміздегі жылдың 1-ші қаңтарынан бастап 15 тамыз аралығында 2 348 кездесу өткізіліп 367 643 адам қамтылды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының 3-ші кезені 2017 жылдан бастап жүргізіліп келетіні бәрімізге мәлім. Барлық атқарылып келген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының арқасында халқымыз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінді хабардар болды, алайда осы жұмыс терең жалғасын табуы үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғастырылады.

Р.Тахамбетова,

«Сырым аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК директорының міндетін атқарушы