28.09.2017, 10:41
Қараулар: 33
“Сотта қаралған істер едәуір азайған”

“Сотта қаралған істер едәуір азайған”

04.28.09.17Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов Сырым ауданында болып, халықпен жүздесті. Жиынға Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, аудандық сот төрағасының міндетін уақытша атқарушы Таймас Ниязов, аудан прокуроры Қанәбіл Төремұратов қатысты.

Кездесу барысында Бек Әметұлы Елбасының «Ұлт жоспары» бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының сот органдарында орындалуы жөнінде айтты. Медиацияның, істі сотқа жеткізбеудің қандай маңызы зор екендігін, екі жақты келісімге келтіріп, бітістіретін мықты медиатордың қандай болуы керектігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, бүгінде цифрлық Қазақстанды орнатуда электронды цифрлық қолтаңбаның пайдасын, соттың табалдырығын тоздырмай-ақ, арыз шағымды үйде отырып жаза беруге болатынын айтты.

Бек Әметұлының айтуынша, бүгінде Сырым ауданында былтырғыға қарағанда сотта қаралған істер, жазаға тартылғандар, бас бостандығынан айырылған адамдардың саны едәуір азайған. «Бұл дегенің – ауданда қоғамның тұрақтылығы, тыныштығы, тәртібінің артқаны, адамдардың бір-біріне деген сыйластығы, татулығы еселене түскені»,- деді облыстық соттың төрағасы.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар