28.09.2017, 15:23
Қараулар: 105
«Жасөспірім және панасыздық»

«Жасөспірім және панасыздық»

БҚО ІІД ЖПҚ-нін 20.09.2017 жылы №31-4-48/3290-И нұсқаулығына сәйкес, 2017 жылдың 22-24 қыркүйек күндері аралығында «Жасөспірім және панасыздық» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Сырым АІІб-нің ішкі істер органдары бөліністері мен жеке құрамы бірқатар жұмыстар атқарды.

Түнгі кезбелік балалар мен жасөспірімдерді түзу жолдан тайдырады. Түрлі заң бұзушылықтардың да көбісінің түнгі мезгілде болатыны жасырын емес. Оның үстіне, бейресми мәліметтерге сүйенсек, елімізде тіркеліп отырған қылмыстық әрекеттердің 20 пайызы жастардың қатысуымен болады екен.

Шараның негізгі мақсаты-жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және жолын кесу, балалар және жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс орындарда болу фактілерін анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ жасөспірімдерді қоғамға жат әрекетке тартатын ересек адамдарды анықтау.

Нәтижесінде жасөспірімдердің қатысуымен әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, ҚР ӘҚБтК-тің 442 бабы, 2 бөлігі бойынша жасөспірімдердің заңды өкілдері немесе ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алдымен құқық бұзушыға ескертіліп, ескерту шарасы қолданылады. Егер бір жыл ішінде бұл әрекет қайталанса, ата-анаға 15 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.

«Жасөспірім және панасыздық» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 14 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 14 әкімшілік хаттама толтырылып, соның ішінде 2 жасөспірімге ҚР ӘҚБтК-тің 442 бабы 1 бөлігіне сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылып, ата-аналарына әкімшілік айыппұл салынды. Бір жасөспірім «облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына» жолданды. Кәмелетке толмаған бір жасөспірім Сырым АІІб-не бақылау есебі бойынша есепке қойылды. Сонымен қатар 1 /бір/ отбасы «қолайсыз отбасы» санаты бойынша есепке алынды.

Жастарымыздың кемел болашағы сіз бен біздің қолымызда екендігін ұмытпағанымыз абзал.

Нұрбол Қабиев,

Сырым АІІб-нің ЖПҚ КТІЖ УПИ Полиция лейтенанты

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар