28.09.2017, 15:27
Қараулар: 31
Әділет органдары жүйесіндегі өзгерістер

Әділет органдары жүйесіндегі өзгерістер

06.28.09.17Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі мемлекеттік саясаттың басты бағыты Қазақстан азаматтары үшін мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету процедурасын оңтайландырылды. Осыған байланысты әділет органдары жүйесін жетілдіру саласында көптеген өзгерістер бар.

Жыл сайынғы Жолдауда Елбасы мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін максималды түрде оңтайландыру туралы, құжаттардың мерзімдері мен тізімін қысқарту туралы атап өтті.

Сонымен қатар Елбасының халық және бизнес үшін әкімшілік тосқауылдарды алу қажеттілігі, сондай-ақ қызмет көрсету процестерін әрі қарай оңтайландыру туралы тапсырмасын орындауда Әділет министрлігі қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіншіліктерін максималды түрде енгізу бойынша белсенді бағыт алуда. Қазіргі уақытта шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу «электрондық үкімет» порталы арқылы бір сағат ішінде жүзеге асырылады.

Мәмілені нотариалды куәландырғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде жылжымайтын мүлікті электрондық тіркеуді жүзеге асыру мүмкіндігі беріледі. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы тіркеуші органға келіп түскен құжаттарды мемлекеттік тіркеудің мерзімі 5 күннен 3 күнге қысқартылды.

“Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтамада оның берілген күні, тiркеушi орган, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) күні, заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері, басшылары және құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәлiметтер қамтылады. Егер жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңда тұлға өзінің қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда бұл туралы мәліметтер аталған анықтамада көрсетіледі.” Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы анықтамаға басшылары және құрылтайшылары (қатысушылары) туралы ақпарат толықтырылады.

“Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны “электрондық үкімет” веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеу кезінде, көзделген жағдайда банктік шот ашуға арналған және жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына енбестен жүзеге асырған жағдайларды қоспағанда) өтініш электрондық нысанда “Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес беріледі.”.

Бұл түзету шағын және орта бизнес автоматты түрде банктік шот ашу және заңды тұлғалардың (1 қаңтар 2018 жылдан бастап) мемлекеттік тіркеу процесінде «электрондық үкімет» порталында электрондық түрде қызметкерлерді сақтандыру туралы шарт жасасуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бекітілген«Заң көмегі туралы» және «Заң көмегі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарының заң жобаларының тұжырымдамасын талқылау бойынша жұмыстары жүргізілуде.

Тұжырымдамада азаматтарға заң көмегін көрсету жүйесінің өзегі ретінде адвокатураның жетекші рөлі баса көрсетіледі. Тұжырымдамамен адвокатура қызметін жетілдіру үшін негізгі басымдық ретінде:

— біркелкі адвокаттық қызметпен қамтамасыз етілмеген қалалық және ауылдық жерлердің мәселелерін бірізді шешу;

— Тегін заң көмегін көрсететін адвокаттарға ақы төлеу әкімшілік жүйесін түзету. Тұжырымдамада бұл жүйені шоғырландыру және ашық ету көзделген. Бұл бюджет қаражатын тиімдірек қолдануға мүмкіндік береді.

— Шетелдік тәжірибені ескере отырып, адвокаттардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру институтын енгізу және азаматтардың жекелеген санаттарына заң қызметтерін ақысыз негізде көрсетуді көздейтін «pro bono» принциптерінде заң қызметтері институтын кеңейтуді көздеген.

Н.Қайыржанова,

Сырым аудандық әділет

басқармасының басшысы