28.09.2017, 15:46
Қараулар: 33
ФИЛИАЛДА – ЖАҢА ТӨРАҒА

ФИЛИАЛДА – ЖАҢА ТӨРАҒА

02.28.09.17Сырым аудандық мәслихатының үлкен мәжілісі залында өткен «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының кезектен тыс ХХІІІ конференциясының күн тәртібінде филиал төрағасын жаңадан сайлау мәселесі қаралды. «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы болып Төлеген Төреғалиев сайланды. Жаңа төрағаға партия мүшелері үлкен сенім білдіріп отыр.

Конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі Серік Сүлеймен арнайы қатысты. Бірінші орынбасар жаңа төрағаны іскер әріптес және саяси тұлға ретінде атап өтті. «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы болып сайланған Төлеген Төреғалиев партияластарының алдында партияның жарғысы мен жобаларын жүзеге асыруда адал еңбек ететіні туралы сөз сөйледі.

Осы күні аудандық партия филиалының Саяси Кеңесі бюросының құрамы қайта сайланды. Жиналыс жұмысына аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев төрағалық етті.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар