5.10.2017, 9:52
Қараулар: 199
ЕМХАНАҒА ҚАЛАЙ ТІРКЕЛУГЕ БОЛАДЫ ?

ЕМХАНАҒА ҚАЛАЙ ТІРКЕЛУГЕ БОЛАДЫ ?

Ең алдымен, Денсаулық ! Сондықтан денсаулық сақтау адам өмірінде маңызды орын атқаратыны бәрімізге белгілі. Қазіргі уақытта медицина күн санап алға артуда, қандай да бір туындаған ауру болған жағдайда адамдар ауруханаға, медициналық көмек алу үшін жүгінеді.

Әрбір азамат өзіне тиіс және белгілі бір емханада ем қабылдауы үшін алдын-ала сол емханаға тіркелуі қажет.

Бұл, “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі” туралы “Қазақстан Республикасының Кодексімен реттеледі және осы мақалада Сіз емханаға тіркелу рәсімі және тәртібі немесе басқа медициналық ұйымдарға тіркелу бойынша хабардар боласыз.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) – тәулік бойы медициналық бақылау жасалмайтын қолжетімді медициналық қызметтерді қоса алғанда, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.

  1. Емханаға қалай тіркелуге болады ?

Бірінші тәсіл:

— ӘМСҚ қызметтер беруші дерекқорынан емхананы таңдау;

— таңдаған емханаға жеке куәлігімен бару;

— емханадағы тіркеу орнынан бас дәрігердің атына еркін нысанда емханаға тіркелу жөнінде өтініш беру;

— тіркелгені жөнінде талон алу.

Екінші тәсіл: www.egov.kz арқылы:

— порталға кіріп, «Онлайн сұрау» батырмасы бойынша өту;

— Өтінімді толтырып жіберу (ЭЦҚ талап етілмейді);

— Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) тіркелу туралы жаңартылған анықтамамен танысу.

Маңызды: Егер Сіз емханаға аумақтық есепсіз тіркелетін болсаңыз, Сізге алдын ала (өтініш берген кезде) дәрігерді үйге шақыру мүмкіндігін келісіп алған қажет.

  1. Емхананы таңдау кезіндегі ұсынымдар

қадамдық қол жетімділік принципі

— Мүмкіндігінше Сіздің таңдаған емханаңыз Сіздің үйіңізден, жұмыс орныңыздан және т.б. 15-20 минуттық арақашықтықта болғаны дұрыс. Бұл дәрігерлерге қал жағдайыңыз нашарлаған кезде Сізге жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Отбасылық қызмет көрсету принципі.

— Отбасылық дәрігер барлық отбасы мүшелерінің әр түрлі ауруларының тарихымен танысып алдын алатын ең тиімді ем тағайындайды.

Емхананың жалпы тізімін Қордың сайтынан (fms.kz.) және Батыс Қазақстан облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасының сайтынан таба аласыз zdrav-bko.gov.kz

  1. Егер Сізге тіркеуден бас тартқан жағдайда:

   Емхана мұндай жағдайда дәлелді бас тарту жауабын беруі тиіс. Бас тарту екі жағдайда жіберіледі:

— бірінші жағдай: егер емханаға тіркелген адамдардың саны алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша бір дәрігерге 2 мың адамнан асып кеткен жағдайда және Сіз оның қызмет көрсету аумағынан тыс жерде тұратын болсаңыз.

— екінші жағдай: егер Сіз емхананың қызмет көрсету аумағынан тыс жерде тұрып дәрігерді үйге шақыру қызметінен бас тартпаған жағдайда.

Білу маңызды:

— Егер Сіз өзіңіздің аумақтан тыс жердегі емханаға тіркелген жағдайда дәрігерді үйге шақыру мүмкіндігін алдын ала (өтініш берген кезде) талқылап келісіп алған жөн.

— Егер Сіз қызмет көрсету аумағы бойынша осы емханада және дерекқорға енгізілген басқа да алғашқы медициналық — санитарлық көмек беретін ұйымдарының аумағында тұратын болсаңыз, емханада тіркелген адамдардың саны нормасынан асып кеткен жағдайда да Сізді тіркеуден бас тартуға құқығы жоқ.

  1. Мен өзім емханаға барып, өз отбасы мүшелерін тіркей аламын ба?

Иә. Егер бұл ересек отбасы мүшелері болса, бұл үшін, Сізге емхананың бас дәрігерінің атына олардың жазбаша түрдегі тіркелу жөнінде өтінішін және тіркелуші отбасы мүшелерінің жеке куәліктерін ұсыну қажет.

  1. Мен екі және одан да көп емханаларға тіркеле аламын ба?

Жоқ, азамат тек бір емханаға ғана тіркеле алады.

  1. Қандай жағдайларда емхананы ауыстыруыма болады?

Тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда, жұмыс орнын, оқу орнын, жазасын өтеу кезінде, әскери қызмет кезінде, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының тарауы немесе қайта ұйымдастыруы немесе емхананың берілген көмек түрлерінің сапасына қанағаттанбаған жағдайда. Сондай-ақ, жылына бір рет тіркеу науқаны уақытында емхананы ауыстыруға болады.

  1. Егер мен басқа емханаға тіркелген болсам, сол емханадан медициналық қызметті қай уақыттан бастап аламын?

ЕКІ ТӘСІЛІ БАР:

Тұрғылықты мекенжайдың өзгеруіне байланысты (басқа қалаға көшу, қаланың ішінде мекенжайын өзгерту) – тіркелген уақыттан бастап. Сол қалада қала отырып, тіркелу науқаны кезінде тіркелген болсаңыз – келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап. (яғни, ағымдағы жылдың сонына дейін Сіз бұрынғы тіркелген емханадан медициналық қызмет алуыңызды жалғастырасыз).

Мысалы:

— Азамат А. бұрын Ақтөбе қаласында тұрған, 10 қыркүйек күні ол Орал қаласына көшіп келді. 15 қыркүйекте ол Орал қалалық № 5 емханаға жолығып, осы көрсетілген емханаға тіркелді. Ақтөбе қаласындағы емханадан шығу автоматты түрде жүреді.

Осылайша, азамат А. № 5 қалалық емханада тіркелген күнінен, яғни 15 қыркүйектен бастап медициналық кызметті алады.

— Азамат Б. бұрын Орал қаласының N емханасына тіркелген.

Бұрынғы тіркелген жерін себепсіз өзгертіп, ол 20 қыркүйекте тіркелу науқаны жүргізілген кезеңде Орал қаласының Z емханасына тіркелді.

Осылайша, азамат Б. ағымдағы жылдың аяғына дейін медициналық көмекті Орал қаласының N емханасынан алады, алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, азамат Б Орал қаласының Z емханасынан медициналық көмек алатын болады.

Тіркелу науқаны ағымдағы жылдың 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында жүргізіледі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес         акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы.

К.Айташова,

Сырым АОА бас медбикесі