5.10.2017, 9:54
Қараулар: 3
Таза қол – денсаулық кепілі

Таза қол – денсаулық кепілі

05.05.10.17Кім тыңғылықты және жүйелі түрде қолын жуады , сол өзін де және басқа да адамдарды жұқпалы және басқада аурулардан сақтайды.

Ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында БҚО қоғамдық денсаулық департаментінің тапсырмасына сәйкес ауданда халық арасында алты бағыт бойынша санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілуде.

Сол санитарлық-ағарту жұмыс бағытының біреуі «Таза қол» деп аталады.

Қолда көптеген ауру тудыратын қоздырғыштар кездеседі. Ғалымдардың айтуы бойынша қолдағы микробтардың саны 200 ге дейін жетеді. Микробтардың бір бөлігі қауіпсіз және адам үшін қажетті болса , екіншісі – патогенді және шартты-патогенді болып табылады. Осы патогенді және шартты — патогенді микробтар кейбір жағдайлар кезінде сальмонеллез, дизентерия «А» гепатиті сияқты «кір қолдарының» ауруларын және басқада ауруларды тудыруы мүмкін. Қазіргі таңда осы қарапайым гигиена ережесіне жеткіліксіз көңіл бөлінеді. Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы   Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы   2009 жылы 5 мамырды «Бүкіләлемдік қол гигиенасы күні» деп жариялады. Жариялаған Жаһандық компания «Адам өмірін құтқарыңыздар: Қол тазалығын сақтаңыздар» болып жарияланды.

Қолды жууға тиісті әр түрлі істер.

-Газет оқығаннан кейін қол жуыңыз. Баспа майының құрамында этил спирті, изопропил спирті, толуол қатарлы органикалық еріткіштер болады. Бұл заттардың қалдықтарының өзі адам денесіне зиянды.

-Сыртқа шығып оралғаннан кейін қол жуыңыз. Сыртқа шыққанда қолыңызбен әлеуметтік орындардағы күніне неше мың адам ұстаған есік тұтқасы, көлік тұтқасы қатарлы дүниелерді ұстайсыз. Бұл жерлерде бактериялар мен вирустар саны өте көп, әрі лас болады. Сондықтан, өз денсаулығыңыз үшін сыртқа шығып оралғаннан кейін, алдымен міндетті түрде қол жуып, сосын басқа істерге кіріскен жөн.

— Ақша әмиянын немесе ақшаны алғанда, банкоматты пайдаланғаннан кейін қол жуу керек.

-Сырттан тамақтанғанда мәзірді қарап, асқа тапсырыс беріп болғаннан кейін қол жууды естен шығармаңыз. Өйткені, мәзір көп адамның қолынан өтеді және ұзақ мезгіл ауыстырылмайды.

Компьютерді, уялы телефонды пайдаланғаннан кейін қол жуыңыз. Бұл заттарды адамдар үнемі елеусіз қалдырады. Алайда бұлар үнемі пайдаланатын, ластануы ең ауыр заттар.

Қолды қалай дұрыс жуу керек?

Қолды тек сабындап жуу керек!!!

Ыстық немесе салқын сумен жай ғана шаю кезінде бактериялар қолда сақталып қалады. Ылғалды орта микробтардың жылдам көбеюіне жағдай жасайды. Қолды тек сабынмен 40-60 секунд аралығында жуу керек. Себебі қолды мұқият сабынмен жуу әр түрлі аурулармен күресуге көмектеседі.

Медициналық ұйымдардағы қол гигиенасы айрықша маңызға ие. Медицина қызметкерлерінің қолды дұрыс жууы жұқпаны бір науқастан екінші науқасқа таралуынан сақтандырады. Сондай-ақ, олардың өздерін медициналық манипуляциялар өткізу кезінде әр түрлі жұқпаларды жұқтырып алудан сақтайды. Егер қолды жуу мүмкіншілігі болмаса, қолға арналған арнайы залалсыздандыру құралдарды қолдану керек.

Сарапшылардын айтуы бойынша дұрыс қол жуудың өзі әртүрлі пневмония, респираторлық, тұмау, ішек аурулырынан сонымен қатар басқада жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан сақтайды.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!» демекші, аталмыш акция Сіздерге арналады, құрметті аудан тұрғындары.

Р.Муржанова,

«ҰСО» БҚОФ Сырым аудандық бөлімше басшысы