5.10.2017, 10:06
Қараулар: 105
Жаңа әкімді таныстырды

Жаңа әкімді таныстырды

07.05.10.17Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев Аралтөбе ауылдық округінің әкімі болып тағайындалған Әділхан Рахымжанұлы Мұхитовты ауыл активіне таныстырды. Аудан басшысы жаңа әкімнің өмірбаяны мен еңбек жолын атап өтті.

Ауыл тұрғындары сөз сөйлеп, Әділхан Рахымжанұлымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтындықтарын жеткізді. Ә.Мұхитов аудан басшысының сенімін ақтап, округтің мүддесі үшін аянбай еңбек ететінін айтты.

Тағайындалған округ әкімін аудан әкімі Т.Төреғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева, мәслихат депутаты В.Жұмағалиев құттықтады.

Аудан басшысы Төлеген Серікқалиұлы округ әкімін отырғызған соң, Аралтөбе ауылына «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы тартылып жатқан ауыз су құбырларының құрылысын аралап, жұмыс барысымен танысты.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар