5.10.2017, 10:08
Қараулар: 95
Дені сау ұрпақ- елдің болашағы

Дені сау ұрпақ- елдің болашағы

Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарын аса жауапкершілікпен орындап отыруымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялылық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше.

Ол үшін адамзаттың сан ғасыр уақыттар бойы жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана- сезімімен, күнделікті мінез- құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айрықша міндетті іс.

Бүгінгі таңда қоғам да, қоғамдық көзкарас та күннен күнге өзгеру үстінде. Бұқаралық ақпарат және қарым-қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулерден алынып, ақпарат тарату еркіндігі кең таралған. Ол балалардың сана сезімі мен рухына кері әсер етуде. Осының салдарынан қазір мектеп жасындағы балалардың шылым шегуі, ішімдік ішуі, есірткі қолдануы немесе әр түрлі қылмыстық іс-әрекетке баруы жиілеуде.

Жасөспірімдердің дені көп уақыттың ғаламтор шегінде ақпараттық құралдардың құшағында қалып жатады. Бұл дегеніміз-келешек ұрпағымызға кесапаты ертеңгі дені сау ұрпақтың болмысын қалыптасыру үшін спортпен шұғылдануына тежеу болатыны сөзсіз. Осы орайда, ауданымызда кәмелетке толмағандар, яғни жасөспірімдер арасында спортқа баулу үшін, түрлі бұқаралық спорттық іс шаралар (отбасылық, эстафеталық, футбол, т.б.) өткізілуде. Соның бірі: «Өзіңнен баста!- Начни с себя» жобасын іске асыру мақсатында, аудандық ішкі істер бөлімінде есепте тұрған, кәмелетке толмаған, құқық бұзушылыққа бейім балалар арасында шағын футболдан, үстел теннисінен Сырым аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің біріншіліктері оздырылды.

Сонымен қатар, спорт мектебіне қатысушы жасөспірімдерге өздерінің құқықтарымен мүдделерін сақтау, тәлім-тәрбиелік, т.б. бағытта тәрбие сағаттары өткізілуде. Бұл жұмыстарды жыл бойына жоспарлы түрде ұйымдастыру көзделуде.

Жас ұрпаққа тек білім берумен шектелу аз. Оларды адамгершілік-рухани жағынан нағыз тұлғаны қалыптастыру сізбен біздің міндеттіміз деп білеміз.

Е.Махмет,

Жымпиты ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар