5.10.2017, 10:18
Қараулар: 118
Ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

Ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабымен ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.

  1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер — он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
  2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

Аудан аумағында ұсақ бұзақылық, оның ішінде азаматтармен қоғамдық орындарда айқайлап, айналасындағыларға сыйламаушылық танытқан фактілері жиі кездеседі.

2017 жылдың өткен мерзімінде Сырым аудандық сотының қаулысымен 57 құқық бұзушыға ұсақ бұзақылық үшін 25 азамат қамауға алынса, 32 тұлғаға айыппұл салынған.

Мысалға, Сырым аудандық сотының 21.06.2017 жылғы қаулысымен аз. «П» 16.06.2017 жылы сағат 14-30 шамасында Жымпиты ауылы, Абай көшесінің бойында айналасына сыйламаушылық танытып, былапыт сөздермен айқайлап жүргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Немесе, Сырым аудандық сотының 21.06.2017 жылғы қаулысымен аз. «М» 15.06.2017 жылғы сағат 21-00 шамасында өзінің үйіне көршісі аз.«Н» алажақын сұрап келген кезде айқайласып, сыйламаушылық танытқан үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.

Осыған байланысты, аудан тұрғындарын қоғамдық орындарда айқалап айналасындағыларға сыйламаушылық көрсеткен үшін әкімшілік жауаптылық көзделгенін ескертіп, аудан аумағындағы құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» көрсетуге шақырамыз.

Н.Дуйсембаев,

Сырым ауданы

прокуратурасының прокуроры

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар