12.10.2017, 15:18
Қараулар: 29
Бата сайысынан жүлделі оралды

Бата сайысынан жүлделі оралды

08.12.10.17Аудан орталығында өткен Халықаралық қарттар күніне орай   «Ата сөзі – бата сөз» атты қариялар байқауында әділ қазылардың бір ауыздан қабылданған шешіміне сәйкес А.Батыршин бас жүлдені жеңіп алып, облыста өтетін бата сайысына жолдама алды.

Бірінші айналымда өзін-өзі таныстыруда жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлінің «Тыңдай алу – даналық, тыңдата білу – ұлылық» қанатты сөзімен бастап толық аша білді. Дауқара батыр туралы ақпарат беріп өтті. Екінші айналымда «Ел есіндегі баталардан» Қарасай батырдың балаларына, Бауыржан Момышұлының және Кененнің келіндерге берген баталарынан үзінді айтып, олар туралы толық ақпарат беріп тарихта өзіндік орынын алған алып тұлғалардың бейнелерін шеберлікпен сомдады.

Үшінші айналымда А.Батыршин бата – арабтың «фатиха» деген сөзінен шыққан,тілек білдіру, тілекке тілек қосу, алғыс айту, т.б. жылдан жылға, ғасырдан ғасырға, атадан-балаға жалғасып келе жатқан сабырлы да салмақты, астарлы да киелі сөздердің жиындықтарын салмақты да орынды қолдана білді.

«Батамен ел көгерер» үй тапсырмасында бата түрлерін жатқа айтуда А.Батыршин ерекше көзге түсіп халықтың (көрерменнің) көңілінен шығып, ықыласқа бөленді.

Батагөй қариялар сайысында А.Батыршин тарихи тұлғаларды жастардың санасына бата арқылы жеткізе біліп, Ұлы дала бабалардың салт-дәстүрін, рухани мәдениетін шебер пайдалана білді.

Осындай жетістіктің нәтижесінде Ахмет Батыршин облыстық батагөй қариялар сайысының дипломанты атанып ақшалай сыйлыққа ие болды. Ахметтің жинаған бата туралы жұмыстары бірінші орыннан көрінді.

Т.Исатаев,

Сырым колледжінің ұстазы