12.10.2017, 15:31
Қараулар: 652
Мал ұрлығына тосқауыл қойылуда

Мал ұрлығына тосқауыл қойылуда

Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2016 жылғы 5 тамыздағы өкімімен бекітілген «Мал ұрлығына қарсы жол картасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарын орындау мақсатында Жымпиты ауылдық округі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мал ұрлығы бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. 2017 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Жымпиты ауылдық округінде 12 мал ұрлығы тіркелген. 2016 жылға арналған мал ұрлығымен күрес бойынша Жол картасын жүзеге асыру іс шаралар жоспарын орындау мақсатында тұрғындарға өз малдарын қараусыз қалдырмау, малды кезекпен бағуды ұйымдастыру жөнінде кеңінен түсінік жұмыстары жүргізіліп келеді. Осы мақсатта тұрғындармен сход-жиыны өткізіліп, учаскелік полиция кызметкерлері, ауылшаруашылық, ветеринариялық бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп мал шығатын бағыттарда тұрғындармен кездесулер өткізілді. Соның нәтижесінде мал бағатын бақташы мен мал иелері арасында 208 келісім-шарт жасақталды. Жымпиты ауылындағы ет дүкендерімен тиісті құжаттары бар мал етін сату жөнінде келіссөздер жүргізілді. Ет сату және сатып алу кезінде қандай малдәрігерлік құжаттарды талап ету қажет екені жөнінде жеке кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аудан прокуратурасымен бірлесіп әзірленген ескерту қағазы таратылды. Мал ұрлығының алдын алу мақсатында Жымпиты ауылдық округіне қарасты ветеринариялық пунктінің малдәрігерлеріне жұмыс уақыты біткеннен кейін және демалыс күндері малдәрігерлік анықтама бермеу жөнінде тапсырма берілді. Жыл басында қоғамдастық жиналысында «Сырым аудандық ветеринарлық станциясы» КМК-ның ауласы қараусыз жүрген ауылшаруашылық жануарларының иесі анықталғанға дейін уақытша ұстау орыны ретінде белгіленді. Қараусыз жүрген 42 бас ірі қара қамалып, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасы бойынша мал иелері анықталып, учаскелік инспекторлар тарапынан ескерту берілді. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлескен түнгі кезекшілік ұйымдастырылды. Түнгі кезекшілік барысында ауыл шаруашылық жануарларын мал қораларына ұстамаған мал иелеріне ескерту жасалды. Ескертуге қарамастан түнгі мезгілде малдарын қараусыз қалдырған жағдайлар көп анықталды. Осыған байланысты мал иелеріне кешкі сағат 20.00-ден кейін малдарын мал қорасында ұстау қажеттігін ескертеміз. Ауыл тұрғындарының күнкөріс көзі төрт түлікпен біте қайнасып жатыр. Сол себепті әрбір малдың ұрлануы олардың қолындағы барын қаққанмен бірдей. Осы ретте айласын асырған қылмыскерлерге малдарын қолды етпеудің жолы малдарды сырғалап, паспортпен қамтамасыз ету. Бүгінгі күні округ бойынша 10440 ұсақ мал, 1940 бас ірі қара сырғаланса, 445 бас жылқы малы таңбаланып компьютерлік дерекқорына енгізілді. Алдағы уақытта мал ұрлығының алдын алу бойынша жұмыстар атқарыла береді.

Қ.Төлепов,

Жымпиты ауылдық

округінің әкімі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар