19.10.2017, 16:58
Қараулар: 31
Қыстаққа қамданыс талқыланды

Қыстаққа қамданыс талқыланды

Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтың төрағалық етуімен алдағы қыс алды қапысыз қамданыс жасау, оған тиянақты әзірленуге арналған отырыс өтті.

Төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған аталмыш отырысқа ауылдық округтердің әкімдері, мекеме басшылары қатысты.

Отырыс барысында Сырым аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Ғабит Жасталап биылғы жылы орын алған далалық өрттер мен одан келген шығындар жөнінде тоқталып, алдағы қыстақ науқанына қазірден бастап тиянақты әзірліктер жүргізе білу бағытында айтты. Сондай-ақ, аудандық коммуналдық кәсіпорнының бастығы Руслан Тасқалиев ауылдық округтердің арасындағы жолдарды қыс маусымында қардан тазалап тұру мақсатында жалға берілетін техника түрлерін, оған төленетін қызметтік ақы және жасалатын келісім шарт туралы тоқталды.

Отырыста кездейсоқ төтенше жағдайлар, одан алдын ала сақтана білу тұрғысында атқарылатын басты жұмыстар туралы сөз болды.

Аудан әкімі Т.Төреғалиев отырысты қорытындылап, алдағы қыс маусымын өз деңгейінде өткізе білу, қыстаққа бүгіннен бастап жағар май, техника түрлерін сақадай-сай деңгейде әзірлеу жөнінде тоқталып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Мүсірбек Әлібекұлы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар