19.10.2017, 16:59
Қараулар: 78
«ӨРЛЕ, ҚАЗАҚСТАН!» АУДАНДА

«ӨРЛЕ, ҚАЗАҚСТАН!» АУДАНДА

02.19.10.17Сырым ауданының Бұлан және Сарой ауылдық округтерінде «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Өрле, Қазақстан!» жастар ақпараттық-түсіндірме топтары ауылдың жастарымен кездесті.

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Өрле, Қазақстан!» ақпараттық-насихат тобы құрылған болатын.

АТТ негізгі мақсаты облыста жастарға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды, мемлекет тарапынан жүргізіліп келе жатқан және жаңадан бастау алған бағдарламалар: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Туған жер», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы»,«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру»,«100 нақты қадам», «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы», «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы, «Қолжетімді баспана – 2020», «Жұмыспен қамту – 2020» «Жасыл Ел» және т.б деңгейдегі мемелекеттік, салалық, өңірлік бағдарламаларды облыс жастарына түсіндіру болып табылады.

Осыған орай, сырымдық жастармен бейресми түрде ашық әңгіме құруға облыстық “Жас қанат” жқб менеджері С.Исламғалиев, Батыс Қазақстан облысының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесші маманы А.Байболат, БҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы М.Еракаев, Батыс Қазақстан индустриалдық колледж директорының міндетін атқарушы Т.Ахмадиев, Сырым аудандық кәсіпкерлік палатасы филиалының маманы М.Сапиев, Сырым аудандық жұмыспен қамту мекемесінің бас маманы С.Өмірзақов, Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Д.Тайшиев, Бұлан ауылдық округінің әкімі Т.Құбаев, Сарой ауылдық округінің әкімі А.Жакиев қатысып, ауыл жастарымен кездесті. Кездесулер бейресми форматта өтті.

Кездесу барысында жастар ресурстық орталығының басшысы Д.Тайшиев аудандағы жастар саясатының жүргізілу бағыты, ауданда жүзеге асырылатын жаңа жобалар мен бастамалар жөнінде баяндап өтті.

Аудан жастары арасындағы ахуал қалыпты. Дегенмен оларды толғантатын басты мәселе — жұмысқа орналасу. Оқу орындарын бітірген жас мамандарды тұрақты еңбекке араластыру әлі де қолдауды қажет етеді. Облыстан келген мамандар жастардың осы бағытта қойған сұрақтарына жауап берді.

Үміт Жәңгірова

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар