26.10.2017, 10:58
Қараулар: 90
«Күміс алқа» иелерін тапты

«Күміс алқа» иелерін тапты

01.26.10.17Жымпиты ауылдық округінің әкімі Қайрат Төлепов ҚР Президентінің 14 қыркүйектегі Жарлығы бойынша Жымпиты ауылының тұрғындары, көп балалы аналар Бақыт Ақтолқын Отарқызы мен Боранқұлова Анаргүл Қаламғалиқызына «Күміс алқа» алқасын табыс етті.

Анаргүл Боранқұлова ері Нұрланмен алты бала тәрбиелеп отыр. Олардың бесеуі Қ.Мырзалиев атындағы орта мектепте білім алуда. Балаларының сабақ үлгерімдері, тәртіптері жақсы, қолөнер, би үйірмелеріне қатысады. Кенжесі үйде тәрбиеленуде.

Ақтолқын Бақыттың алты перзентінің төртеуі Қ.Мырзалиев атындағы орта мектепте жақсы оқитындар қатарында. Екі кішкентайы әзірше үйде. Ақтолқын мен Мұқаттың үлкен ұлдары күрестен аудандық, облыстық жарыстардың жеңімпазы. Қыздары қолөнер, бейнелеу өнерімен шұғылданады.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар