26.10.2017, 11:00
Қараулар: 40
Игілігі мол бағдарлама

Игілігі мол бағдарлама

Үстіміздегі жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде бағдарламаға қатысушылардың саны 599 адамды құрап отыр.

Атап айтқанда, бағдарламаның 1-бағыты – тегін кәсіптік және техникалық білім алуды қамтамасыз ету. Осы тоғыз ай мерзім ішінде аудан бойынша 159 адам «Жұмыспен қамту орталығының» жолдамасымен оқуға жолданды. Қазіргі уақытта алған мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылуда.

Атап айтсақ, Көгеріс ауылының тұрғыны Т.Нұржанова орталыққа келіп жолығып, іс жүргізуші мамандығы бойынша Орал қаласында оқып келді. Бүгінгі күні Көгеріс негізгі мектебіне мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның 2-бағыты – ауыл тұрғындарын кәсіп ашу үшін несиелендіру. Осы бағытта да тұрғындарға несиелер берілді. Жетікөл ауылының тұрғыны М.Хасан 6,0 млн теңге несие алып мал шаруашылығымен шұғылдануда.

Ал бағдарламаның 3-бағыты – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Бұл бағыт бойынша жастар практикасы бағдарламасымен 40 жас маман тәжірибе жинақтауға мекемелерге жолданды. Шағырлой ауылының тұрғыны С.Мурзагалиев 2017 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық техникалық Университетінен ветеринарлық санитария мамандығын алып шығып, шілде айынан бастап аудандық ветстанция мекемесіне жастар практикасы бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасты. Ол қазан айынан бастап аудандық ветлаборатория мекемесіне лаборант қызметіне тұрақты жұмысқа орналасты.

Сәбит Өмірзақов,

Сырым аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы