26.10.2017, 11:05
Қараулар: 53
Жәңгір хан университетіне – 55 жыл

Жәңгір хан университетіне – 55 жыл

02.26.10.17

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне 55 жыл толуына орай Сырым ауданында «Жәңгір хан университеті күні» өтті. Барлық аудандарда өтетін университет күні Сырым ауданынан бастау алды. Университеттің   жастар комитетінің төрағасы Асхат Өкшебаев, маркетинг және контингентті қалыптастыру бөлімінің жетекшісі Бейбіт Рахымғалиев, оқытушы Жеңіс Ешмұханов және студенттер жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы мектептің 9,10,11 сынып оқушыларымен кездесіп, семинар-тренингтер өткізді. Шараның мақсаты мектеп және колледж түлектеріне кәсіптік бағдар беру болды.

Кешкісін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттері аудандық мәдениет үйінде концерт қойды.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА